#Қорай: Аудан бас имамының мектеп оқушыларымен кездесуі жалғасуда

#Қорай: Аудан бас имамының мектеп оқушыларымен кездесуі жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Осы жас жеткіншекке талпыныс сыйлайтын ұстаздары, қоршаған ортасы. 

Бұл тұста, дамып келе жатқан жасқа қай салада болмасын дұрыс бағдар беру маңызды. Осы мақсатты арқау етіп, Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ауыл мектептерін аралап, 9-11 сынып оқушыларымен жүздесу өткізуде. 

Кезекті шара Ауқатты ауылдық орта мектебі мен Масаншы ауылдық №12 мектепте орын алды. Дін туралы түсінікті қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың көкейкесті сауалдарына жауаптар берілді. Мұндай кездесулер оқушылардың діни иммунитетін қалыптастыру үшін аса маңызды. Оң-солын танып, дінге қызығушылығы артып жүрген ұл-қыздарға ата дініміз мен теріс бағыттың айырмашылығы түсіндірілді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: