#Шу ауданының имамы тікелей эфирде сұқбат берді

#Шу ауданының имамы тікелей эфирде сұқбат берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де қонақта болып, аталған мекеменің Жастарға кеңес беру алаңында жастар тәрбиесі, дін мен дәстүр, жат ағымдарға тосқауыл қою турасында сұқбат беріп, салихалы әңгіме өрбітті.

Жастар ресурстық орталығының @shuzastar инстаграм парақшасында тікелей эфирде өткен кездесуді әлеуметтік желі қолданушылары жылы қабылдап, әңгімені ұйып тыңдады.

Сұқбатты жүргізген орталықтың ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Байжан Ембердінің жастар тәрбиесі, жастар арасындағы ажырасу себептері мен салдары, үйленуде ескеретін жайттар туралы сауалдарына бас имам Аят қажы Дыбысұлы көкейге қонымды, шариғи дәлелдермен, дәстүріміздегі дәйектермен жауап берді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: