Жамбыл аудандық «Мәдениет үйінде» актерлер, әншілер мен қызметкерлер арасына «Рухани тәрбие - Ихсан ілімі» тақырыбында семинар өтті. Жиынды Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы өткізді.
"Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам дегеніміз – Аллаға құлшылық ету, Оған ешнәрсені серік қоспау, намаз оқу, парыз болған зекетті беру, рамазан айында ораза ұстау және қажылық жасау» деп жауап береді. Сұрақ қоюшы: «Ихсан дегеніміз не?» деп сұрағанда әз Пайғамбар: «Сені көріп тұрғандай Аллаға құлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де Ол сені көріп тұрады» дейді. Біз осы хадистен «ихсан» ілімінің негізгі мәні Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету екенін түсінеміз. Біз Алланы көрмесек те Ол бізді көріп тұрғандай сеніммен құлшылық жасауымыз керек. «Ихсан» ілімі адамды тақуалыққа тәрбиелейді" - деп атап өтті ауданның бас имамы өз сөзінде.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі