Аудандық "Қордай" мешітінің найб имамы Нұрбол Сұлтанбектің қатысуымен жергілікті күзет бөлінің қызметкерлерімен кездесу жасалды.
Жүздесуде суицидтің шариғаттағы үкімі, ақыреттегі жазасы, өз-өзіне қол жұмсаудың ауыр күнә және мәселенің шешімі бола алмайтыны тілге тиек етілді.
"Суицид, өз-өзіне қол жұмсау Ислам дінінде ауыр күнәға жатады. Өйткені өзін-өзі өлтіру шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең. Алла Тағала былай дейді: «...Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай» (Ниса, 29, 30). Тіршілікте көрген тауқыметі үшін өмірден баз кешіп, өз-өзіне қол салу Құдай Тағаланың қаһарына ұшыратады. Ақыретте үлкен азапқа душар етеді. Дүниеден қалай кетсе, ақыретте сол кейпінде жазаланатын болады, "- деп жеткізді имам.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі