Қордай ауданының Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен, мешіт ұстазының мұрындық болуымен орталық мешітте нәзік жандылар арасында отбасылық сайыс өтті. "Кеңпейілді әже, мейірімді ана, салихалы қыз" тақырыбын арқау еткен іс-шарада ерекше топтар құрылып, оған бір үйдің әжесі, анасы мен қызы мүше болды.
Жарыста қыз-келіншектер білім бойынша бақ сынап, ас пісіруден сынға түсті. Сұрақ-жауаптарға дұрыс жауап беріп, ең көп ұпай жинап, тілден дәм үйірер асымен қыздар бір-бірінен асып түсті.
Жүзден жүйрік шыққандарға "Ең үздік, ерекше топ" номинациясы беріліп, төмендегі орындар бойынша марапатталды.
Бас жүлде - "Фирдауыс" тобы.
1 орын - "Ниса" тобы.
2 орын - "Достық" тобы.
3 орын - "Көктем" тобы
Жүлделі орындарды қанжығаларына байлаған топтарға діни кітаптар сыйға берілді. Ал қатысқаны үшін "Кәусар" тобы, "Раян" тобы, Қуатқызы Венера, Ержанқызы Кәусар, Шавкатовна Асия, Медетқызы Ақерке, Серікқызы Анеля алғыс хатпен марапатталды.
Тартысты әрі қызықты өткен дода жамағаттың ұйымшылдығын арттырып, көпшілікке қуаныш сыйлады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі