Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметкерлерімен діни кездесу өтті.
Жиынға "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев пен ҚМДБ Жастар ісі секторының өкілі Нұрсұлтан Маметбай арнайы барып қайтты. "Суицид, діни экстремизм және құмаройын мемлекеттік қызметкерлерге жат қылық" тақырыбында өткен семинарға 60 қызметкер және онлайн түрде 558 қызметкер қатысты.
Жиында білікті мамандар баяндама жасап, "Құмаройын мен діни экстремизм - адамның адасуы", "Өзіне өзі қол жұмсау - тығырықтан шығар жол емес", "Құмаройынға тәуелділіктің салдары" сынды тақырыптар аясында сөз қозғалып, көпшіліктің сауалына дәйекті жауаптар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі