ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға көмек көрсетілді.
Азық-түлік толы қайырымдылық себеттерін әр шаңыраққа сектор жетекшісі Нұрсұлтан Маметбай жеткізіп берді. Игі шараға 60 теңге қаражат жұмсалып, әр отбасыға 20 мың теңгеге қажеттіліктер алынды.
Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж» сүресі, 77-аят) деп баяндайды. Мұндай шаралар көмек алушының ғана емес, оны берушінің де жүрегіне мейірім дәнін себері сөзсіз.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі