Інжілде Ғиса (ғ.с) өзінің шәкірттеріне Параклетостың[1] келетіні туралы қуанышты хабарды жеткізгендігі және де бұл есімнің мағынасы Ахмед пен Мұхаммед[2] есімдерінің мағыналарына жуық екендігі жөнінде айтылған, бұл «Сафф» сүресіндегі Алла Тағала сөздерінің ақиқаттылығын дәлелдейді: «Сол уақытта Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.): “Әй Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін “Ахмед” атты пайғамбарменен сүйіншілеймін” деген еді»» (61:6). Және де әл-Масих Параклетосты тек біздің Пайғамбарымызда (ﷺ) бар қасиеттермен ғана сипаттаған: «Ол қателіктері үшін әлемді айыптайтын болады. Ол сендерді барлық ақиқатқа үйретеді, өйткені ол өз атынан сөйлемейді, естігенін айтады».[3] Бұл Қасиетті Құрандағы «Нәжм» сүресінде айтылғанға сәйкес келеді: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4). Варнава[4] Інжілінде Алла Елшісі (ﷺ) нақ өз есімімен аталған, бірақ ол ұзақ уақыт беймәлімділікпен бүркемеленіп келген, тек жақында ғана жария болды.
[1] «Және де Тәңірге жалбарынамын, сендерге басқа Жұбатушы береді әрі сендермен мәңгі-бақи болады, ақиқат Рух, Оны әлем қабылдай алмайды, өйткені Оны көрмейді және Оны білмейді; ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Ол сендермен бірге әрі сендермен бола береді. Сендерді жетімсіретіп қоймаймын; сендерге келемін» (Иоан Інжілі, 14:16-18)
[2] Грек сөзі «Парактлетос» Інжілдің синодальды аудармасында – Жұбатушы. Бірақ сөздің тағы да «насихаттаушы», «қорғаушы», «шапағатшы» («Брокгауза Інжіл энциклопедиясы») деген мағыналары бар, олар Пайғамбарымыздың (ﷺ) ан-Назир, әл-Мубашшир, Сахиб аш-Шафаꞌа және тағы да басқа есімдерінің мағыналарына сәйкес келеді.
[3] Синодальды аудармада: «Ол, ақиқат Рух, келгенде, сендерді ақиқат жолға салады: өйткені Өз атынан сөйлемейді, бірақ естігенін айтады және келешек сендерге даңқын жаяды» (Иоан Інжілі, 16:13). Христиандар болса, Параклетостың төркінінде «қасиетті рух» үшінші тұрғыда «үш бірлікті құдай» жатыр деп санайды.
[4] Апокрифтік (дүдәмал) Інжіл, апостол Варнаваның атынан жазылған, 18-ші ғасырда табылған.