Негізі, біз - адам баласы біреуге ақыл айтуға келгенде алдымызға жан салмай кететініміз рас. Ас-су ішпей, күндіз-түні біреуге ақыл айтып, оның қателіктерін көзіне шұқып, жерден алып, жерге салуға дайынбыз. Алайда әлгі адам мұндай халге қалай түсті, мұндай амалға не себепті барды екен деп бір ойланбаймыз ғой.
Мынаны бір дана сөзді есімізде мықтап ұстайықшы: «Біреуге ақыл айтпас бұрын, біреуді сөкпес бұрын – әлгі адамның аяқ киімін киіп, оның жүрген жолын жүріп өт, ол шалынған әрбір тас пен бұтаққа шалын, оның жан қиналысы мен тән ауруын сезін, көзінен аққан кермек жастың дәмін тат та содан кейін барып, оған қалай тұрып, қалай жүруін, қалай өмір сүру керектігін айт». Бұл өмірде айтуға бәрі де оңай...
Ақерке Сыдықова
asyldin.kz