16 бөлім. Пайғамбарымыз (ﷺ) туралы Тәураттағы мәліметтер (2 бөлім)

16 бөлім. Пайғамбарымыз (ﷺ) туралы Тәураттағы мәліметтер (2 бөлім)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сондай-ақ, берілген үзіндіде былай айтылған, кімде-кім Аллаға жала жапса, өлтірілуі тиіс. Бұл Құрандағы «Хаққа» сүресінде айтылғанға өте ұқсас: «Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; Әрине оның оң жағынан қолға алар едік; Сосын оның күре тамырын кесер едік» (69:44–46).

Ал біздің Пайғамбарымыз (ﷺ) он үш жыл жауыз дұшпандардың, пұтқа табынушылар мен яһудилердің арасында тұрып, оларды Аллаға шақырған. Және де Алла Тағала оны қорғап, «Мәида» сүресіндегі мына бір аятты оған жұбаныш ретінде түсірген: «Алла сені адамдардан қорғайды» (5:67).

Алла Тағала Оның айтпағандарын Оған қосып қоятындарды жазалай алмай ма?! Алла «Шура» сүресінде былай айтады: «(Мұхаммед Ғ.С. олар сені): “Аллаға өтірік жала қойды” дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі» (42:24). 

Тәураттан алынған бұл мәліметте тағы да ақиқат пайғамбарды жалған пайғамбардан ажырататын басқа белгі туралы да айтылады. Бұл болашақты білу.  Пайғамбарымыз (ﷺ) көп рет алда болар оқиғалар туралы айтқан және әр кез бәрі де дәл оның айтқанындай болып отырған. Солардың ішінде күн ілгері білу мүмкін емес оқиғалар болған, мысалы үшін, тас-талқан болып парсылардан жеңіліп, нәтижесінде Византия иимпериясының астанасы Константинополь басып алына жаздаған кездегі византиялықтардың жеңісі болатын. Сондықтан да византиялықтар жауды бірнеше жылдан кейін жеңеді деген хабарлама Алладан келген сырдың ашылуынан басқа болуы мүмкін емес. Бұл мәліметтің пұтқа табынушы-құрайыштарды таңғалдырғаны сондай, олар Әбу Бәкір ас-Сыдықпен (р.а.) жанталаса бәс тігіседі. Кейін болжанған нәрсе іске асқанда, ас-Сыддық (р.а.) бәсті ұтып шығады. Бұл көп жағдайдағы тек бір-ақ мысал. Соңыра, Алланың қалауымен, біз бұл туралы толығырақ айтып береміз. Кады ꞌИяд «аш-Шифада» Ата ибн Яссардың Абдулла ибн Амр ибн әл-Асадан Алла Елшісінің (ﷺ) қасиеттері туралы сұрағанын келтірген. Ол былай жауап берген: «Алламен ант етемін, ол Тәуратта Құранда сипатталған кейбір қасиеттерімен баяндалған: «Әй Пайғамбар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік[1].

«...және де сауатсыздардың қорғаушысы[2]. Сен – Менің құлым әрі Менің Елшімсің. Мен сені әл-Мутауаккил[3] деп атадым. Ол қатал да, дөрекі де емес, базарларда айғайламайды. Ол зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермейді, кешіреді әрі аяйды.  Адасқан халықты: «Алладан басқа құдай жоқ», - деп айтқызбағанша, соқырлар көрмегенше, саңыраулар естімегенше, ұйқыдағы жүректер оянбағанша, Алла оның жанын алмайды»»[4]. Осыған ұқсас Абдулла ибн Салямадан (р.а.)[5] жеткен, ол яһудилер басшыларының бірі болған, бірақ бұл оның ақиқат дінді қабылдауына кедергі келтірмеді. Бұл Каꞌба әл-Ахбарға[6] да қатысты. Бұл хадистің басқа нұсқаларында былай айтылады: «…базарларда айғайламайды, боғауызданбайды. Мен оны барлық көркемдікке бағыттаймын, оған адамгершілік қасиеттердің ең үздіктерін сыйлаймын. Мен қарапайымдылықты оның киім-кешегі, ал тақуалықты оның белгісі етемін.  Оның жанында - тақуалық, сөзінде - данышпандық, оның жаратылысы — шыншылдық пен уәдеге беріктігі, оның мінезі – кешірім мен игілік, оның өмірі – әділеттілік, оның Шариғаты – ақиқат.  Оның алдында – ақиқат жол. Оның қауымы – Ислам. Оның аты Ахмад. Оның көмегімен Мен адамдарды адасудан кейін түзу жолға бастаймын, надандықтан кейін үйретемін, ұмытылғаннан кейін биіктетемін, беймәлімділіктен кейін танымал етемін, саны аздықтан кейін олардың санын арттырамын, кедейліктен соң байытамын, басы бірікпеушіліктен соң біріктіремін. Ол арқылы Мен бұрында бір-біріне жат болған жүректерді, әртүрлі мақсаттарды, түрлі халықтарды біріктіріп жиинаймын. Мен оның қауымын адамдар қауымының ең жақсысы етемін». Пайғамбарымызға (ﷺ) оның Тәураттағы сипатын жеткізген. Және де әлемдегі ең шыншыл әрі адал адам туралы Алла бізге былай жеткізген: «Менің таңдаулы құлым Ахмад Меккеде туады және Мәдинеге қоныс аударады — немесе ол айтқандай «Тайба». Оның қауымы Алланы кез-келген күйінде молынан мадақтайды»[7].


[1] «Ахзаб» сүресі, 45 аят.

[2] Бұл жерде сол кезде Кітаптары болмаған арабтар мен басқа халықтар тұспалданып отыр. Алла Елшісі (ﷺ) оларға Шариғатты берді, сол арқылы бұл дүние мен мәңгілік дүниенің барлық жамандықтарынан қорғаған.

[3] Бар жағынан Аллаға тәуекел етуші.

[4] Әл-Бұхари келтірген.

[5] Исламға дейін оның аты әл-Хусайн болған, Абдулла деген атты Пайғамбарымыз (ﷺ) берген. Мәдинеде яһуди ғалымы болған. 25 хадис жеткізген. Алла Елшісі (ﷺ) оның көзі тірісінде-ақ оны Жұмақпен қуантқан. Мәдинеде хижра бойынша 43 жылы қайтыс болған.

[6] Танымал табиғин. Пайғамбарымыздың (ﷺ) заманында өмір сүрген, бірақ оны көрмеген. Исламға дейін яһуди болған және Йеменде тұрған. Исламды Әбу Бәкірдің (р.а.) билік еткен кезеңінде қабылдаған. Омардың сахабасы болған, одан ең көп хабарламаларды жеткізген. Хомсада тұрған, сол жерде хижра бойынша 32 жылы қайтыс болған.

[7] Әл-Байхакы  «Даляил ән-нубууада» келтірген.

[8] Бұл жерде сол кезде Кітаптары болмаған арабтар мен басқа халықтар тұспалданып отыр. Алла Елшісі (ﷺ) оларға Шариғатты берді, сол арқылы бұл дүние мен мәңгілік дүниенің барлық жамандықтарынан қорғаған.

[9] Бар жағынан Аллаға тәуекел етуші.

[10] Әл-Бұхари келтірген.

[11] Исламға дейін оның аты әл-Хусайн болған, Абдулла деген атты Пайғамбарымыз (ﷺ) берген. Мәдинеде яһуди ғалымы болған. 25 хадис жеткізген. Алла Елшісі (ﷺ) оның көзі тірісінде-ақ оны Жұмақпен қуантқан. Мәдинеде хижра бойынша 43 жылы қайтыс болған.

[12] Танымал табиғин. Пайғамбарымыздың (ﷺ) заманында өмір сүрген, бірақ оны көрмеген. Исламға дейін яһуди болған және Йеменде тұрған. Исламды Әбу Бәкірдің (р.а.) билік еткен кезеңінде қабылдаған. Омардың сахабасы болған, одан ең көп хабарламаларды жеткізген. Хомсада тұрған, сол жерде хижра бойынша 32 жылы қайтыс болған.

[13] Әл-Байхакы  «Даляил ән-нубууада» келтірген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: