Жуырда ұлы табиғин Хасан әл-Басридің (оған Алланың рақымы болсын) мына бір айтқанын оқып, соны қазақ тіліне аударып, сіздермен бөлісуді жөн көрдім: «Алламен ант етемін, егер сендер өлген адамның барған орнын көріп, оның айтқандарын естісеңдар, онда сендер марқұмды ұмытып, өздерің үшін жылар едіңдер.
Марқұмды жерлеуге әкетіп бара жатқанда, оның жаны зембілдің үстінде ұшып-қонып: «Әй, менің туыстарым мен балаларым, мына жалған дүние мені алдағандай сендерді де алдамасын. Мен байлықты рұқсат етілген, рұқсат етілмеген жолдармен жидым, алайда мұның бәрін өзгелерге тастап барамын. Жиған байлық – сендерге қалды, ал күнәні – өзім арқалап барамын. Менің жағдайымда болудан сақтаныңдар!» - деп артында қалған сендерге айғайлайтын болады»...
Ақерке Сыдықова
asyldin.kz