Үміт оты сөнбесін!

Үміт оты сөнбесін!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

...Бөлмеде төрт майшам жаймен жанып тұр. Құлаққа ұрған танадай тыныштық орнағандықтан, майшамдардың өзара тіл қатысып тұрғаны ап-анық естіліп тұрды. Бірінші майшам: «Мен – сабырмын, алайда адамдар мені сақтай алмайды», - деді де сөніп қалды. Екіншісі: «Мен – сеніммін. Мен ешкімге қажет емеспін. Адамдар мен туралы естігілері де келмейді», - деді. Сол мезет салқын самал соғып, сенім майшамын өшіріп тастады. Сабыр мен сенімнің сөніп қалғанын көрген үшінші майшамның дауысы дірілдеп: «Мен – махаббатпын, бірақ мені адамдар бағаламайды», - деп тіл қатты да ол да сөніп қалды. Осы кезде бөлмеге кірген бүлдіршін қараңғылықтан қорқып жылап жіберді. Сонда төртінші майшамға тіл бітіп: «Қорықпа да жылама! Мен жанып тұрғанда өзге де майшамдарды қайтадан жағып алуға болады. Мен – үмітпін!» - деп жұбатты баланы.

«Үмітсіз шайтан», - дегендей ешқашан үмітіміз сөнбесін, ағайын! Тек Рамазан айында ғана емес, жыл он екі ай Алла Тағаланың Мейірімінен үмітімізді үзбейік!

Ақерке СЫДЫҚОВА

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: