Ораза мен диетаны араластыру
Ораза ұстаудың өзіндік жеке мақсаты бар. Әрине, адам өзін ораза ұстауға итермелеуі мүмкін, ораза оған арықтауға және салауатты өмір сүруге көмектеседі деп санап, бірақ егер сіз тек осы мақсатпен (диета, арықтау) ғана ораза ұстасаңыз, онда бұл құлшылықтың мақсатына қайшы келеді.
Етекір кезінде әйелдер құлшылық қарқындылығын төмендетеді
Әпке-сіңілдерім, етекір кезінде уақыттарыңды босқа өткізбеңдер. Құран тыңдаңдар, зікір, салауат айтыңдар. Осы уақытта жақсылық пен жомарттық көрсетіңдер, ауыз ашарға көмектесіңдер немесе ауызашарды өзіңіз жасаңыз. Бұл жақсы істеріңіз үшін Алладан мол сауап аласыз, ин ша Алла.
Итикаф мүмкіндігін жібермеңіз
Егер сізде Рамазанның қалған он күнін итикафта өткізу мүмкіндігі болса, оны жіберіп алмаңыз. Бұл құлшылық түрінің әсері зор. Алайда, егер сіз осы күндерді мешітте өткізер болсаңыз, онда бұл достарыңызбен араласып, телефоннан жаңалықтар қарап немесе журналдар оқып өткізу дегенді білдірмейді. Мешіттегі басқа бауырларыңызбен бірігіп осы уақытқа кесте құрып алыңыздар. Егер сізде әрекет ету жоспары болса, сіз жалықпайсыз, өйткені әр уақытта не істеу керектігін білетін боласыз.
Рамазанның 27-ші түнін ғана құлшылықта өткізу
Кейбір адамдар 27-ші түнді ғана құлшылықта өткізеді, басқа тақ түндерді елемей, дегенмен Қасиетті Қадір түнінің дәл күні бізге белгісіз. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қасиетті Қадір түнін Рамазанның соңғы он күніндегі тақ он түндерден іздеңдер», - деген. (Бұхари, Мүслим). Көптеген ғалымдар жазғандай, мүмкін бұл түн расымен де 27-ші күніне дәл келер, алайда бізге оны Рамазанның соңғы әрбір он түнінде күту ұйғарылған.
Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен ораза ұстап, Алланың кешірімінен үміт етсе, Алла оның барлық өткен күнәларын кешіреді; кімде-кім Қасиетті Қадір түнінде шынайы сеніммен құлшылық етіп, Алланың беретін сыйына үміт артса, онда оның барлық алдыңғы күнәлары кешіріледі».
Сондай-ақ, Алланың жомарттығын шектемеу керек. Егер Алла қаласа, Ол сізге 200 жыл бойына сауап береді. Бұл Алла Тағаланың кемеңгерлігі, жазмыш Түнінің дәл қай түнге келерін біз білмейміз, сондықтан да, егер сіз жазмыш Түнін жіберіп алсаңыз да біліңіз, Алла — бәрінің қайнар көзі, егер Ол қаласа, бұл түннің сыйын сіз басқа уақытта да ала аласыз.
Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындалуға жіберу
Кейбір адамдар Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындалуға жібереді, тағамдар сатып алу үшін сауда орталықтарына барады, сөйтіп намаздарын қаза қылады әрі Рамазанның соңындағы құлшылықтарына немқұрайлы қарайды, әсіресе оларды Тозақ отынан, азаптан құтқаруды сұрауларына немқұрайлы болады. Пайғамбарымыз (ﷺ) Рамазанның соңғы күндерінде құлшылығын күшейтіп, жалбарына Аллаға сыйынған, бірақ дүкендерге барған емес. Жақсы киініп және қонақтарына жақсы қарау бұл да Сүннет, алайда, осы игілікті айдың соңғы күндерін мұндай дүниелерге жұмсауға болмайды.
Айша анамыздың (р.а.) былай айтқаны келтірілген: «Рамазанның соңғы күндері басталғанда, Пайғамбарымыз (ﷺ) белбеуін бекем байлайтын, яғни өз құлшылығын күшейтіп, әйелдерімен жақындасудан тыйылатын, түні бойы ұйықтамай, отбасын оятатын». (Бұхари, Мүслим).
Әли ибн Әбу Тәліб (р.а.) келтірген: «Уа, Алла Елшісі, бұл айдағы ең жақсы амалдарға не жатады?» Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деп жауап берді: «Уа, Әбу Хасан, бұл ай бойындағы ең жақсы амалдар — бұл Алла тыйым салғаннан бойыңды алшақ ұстау».
Бәрімізге де қателік, кемшілік, күнәдан ада болуға Алла жар болсын!
asyldin.kz