Имам ат-Тирмизидің «Сунанында» Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқан мына бір хадисі бар: «Мұсылман адамдардың ортасында болып, сабыр сақтаса – ол адамдардың ортасында болмай және сабыр сақтамаған мұсылманнан жақсы». Бұл хадис шынымен де өте маңызды. Ол бізге не жайында айтады? Алла Елшісі (ﷺ) адамзат баласына бір-бірлерімен өмір сүру тән деп түсіндірген. Адам – бұл әлеуметтік жаратылыс. Біз бір-бірімізбен өмір сүреміз, бір-бірімізбен байланыста боламыз, біздің арамызда әртүрлі қарым-қатынастар бар: некелік – күйеуі мен әйелінің қарым-қатынасы, ата-аналар мен балалардың, аға/бауырлары мен апай/қарындастарының, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастар. Жалпылай айтқанда, біз күнделікті бір-бірімізбен кездесеміз, бізде өзара ортақ іс болуға мәжбүрміз. Алла Елшісі (ﷺ) осылайша біз адамдармен араласқанда, кез-келген діндар адамдармен араласқанда, қоғам меншігіне айналады да оларға кездесетін зияндар мен қиындықтарға сабыр етеді деп айтады.
Басқа адамдармен араласа жүріп, біз олардан зиян көруіміз әбден мүмкін. Оның себебі - біздің әртүрлі екендігіміз болып табылады. Алла әрбір адамды ақыл жағынан, қызбалық жағынан, психологиялық тұрғыдан, сондай-ақ, темперамент және бүтіндей, өз болмысы жағынан басқа адамнан өзге етіп жаратты. Біз тіпті дене-бітіміміз жағынан да әртүрліміз, тіпті күллі адамзат баласында сырт әлпеті жағынан ұқасас екі адам жоқ, тіпті әрбір адамның саусақтарының таңбалары да дара, басқанікінен өзге. Біз әртүрлі ойлаймыз, әрқайсымыздың өз пікіріміз бар. Осының бәрін, сондай-ақ, бірге тұратынымызды және біздің бір-бірімізбен айқын қарым-қатынастарымыздың барын ескерсек, онда біздің пікірлерімізде қарама-қайшылықтың болмауын әрі бізді ренжітпеуді елестету тіпті де мүмкін емес. Егер, мысалы, сен үйленбек болсаң және ешқашан өзіңді әбігерлікке берілмеймін деп санасаң, онда сен бұл әлемде емес, басқа әлемде өмір сүресің. Алла Елшісінің (ﷺ) хадисінде осы айтылған болатын, адамдармен байланыса жүріп, олармен қарым-қатынасымыздың салдарынан, біз зиянға ұшыраймыз.
Осылайша, адамдардың ортасында өмір сүретін діншіл, тақуа адамға, қалай болғанда да, зиян тиеді, өйткені біреу оған ұнамайтын нәрсені айтуы мүмкін, біреудің басқа пікірі болуы мүмкін, біреу сенің тілегіңе сай емес нәрсені жасауы мүмкін. Сен оларды өзіңе ұнайтындай етіп жасай алмайсың, өйткені олар басқа. Сондықтан да Алла Елшісі (ﷺ) адамдармен араласа отырып, олардан келетін зиянға сабыр сақтап, егер оның сезімдеріне тисе де, оған шыдаған діншіл адам, адамдардан бөлектеніп, олармен қарым-қатынас жасағысы келмейтіннен жақсырақ деп айтқан. Мысалы, былай айтса: «Өз рақатым үшін әлдебір таудың басында өмір сүремін және, Аллаға Мадақ, маған ешкім де азап шектіре алмайды». Егер сіз қаласаңыз, онда сіз осылай жасай аласыз. Бірақ кімде-кім осы өмірдің кикілжіңіне қарсы келіп, былай айтса: «Жоқ! Мен адамдардың ортасында тұрып, олардан келетін зиянға шыдаймын», осындай діндар, «Мен адамдармен ешқандай қарым-қатынасты қаламаймын, олармен араласқым да келмейді, одан да өз рақатым үшін таудың басында өмір сүремін», - деп ойлаушыдан көбірек жақсы. Мұндай адам былай айтатын соқыр сияқты: «Мен көз күнәсін жасағым келмейді немесе мен бұл күнәларды жасамаймын», бірақ оның оларды жасайтын көздері жоқ! Осылайша, адам былай айтса: «Мен адамдармен араласқым келмейді», оған сабыр етіп, төзімділік көрсету керек емес. Ал сабыр ететін одан көбірек жақсы. Бұл хадисте Алла Елшісі (ﷺ) міне осыны меңзеген болатын. Осы хадис адамдармен араласқанда мазасыздыққа берілетіндігімізді айтады, сонымен, бізге не істеу керек? Бізге сабыр ету керек, бұл мәселенің шешімі сабыр болып табылады. Егер шындыққа келсек, сабыр – бұл өте маңызды, мықты қару, таңғажайып мінез ерекшелігі, таңғаларлық қасиет, оны адам өзінде жетілдіре алады. Міне, неліктен Құранда былай айтылған:
«Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады” деп айт» (39:10).
Сабыр етушілер мен қайраттылық көрсетушілерге деген сыйлықтардың шегі, есебі болмайды, оларға таңғажайып сыйлықтар тиісінше есепсіз беріледі. Алла бізге соны хабарлайды. Міне, біз осыған ұмтылуымыз қажет.
asyldin.kz