50 жылдай бұрын Францияда Ибрагим есімді қарт түрік өмір сүрген, оның шағын азық-түлік дүкені болған. Бұл дүкен бір пәтерінде еврей жанұясы тұратын ғимаратта орналасқан екен, ол жанұяда жеті жасар Джад есімді ұл болған. Кішкентай Джад Ибрагим ағаның дүкеніне өз жанұясына қажетті тамақ алу үшін күнде келетін. Әр кез дүкеннен кеткенінде Джад ақырындап шоколадтың кішкентай кесегін жымқырып кетіп отырған. Бір күні дүкеннен кетіп бара жатып, бір себептермен ол шоколадты алмайды, Ибрагим сатушы оның есіне түсіріп, оған шоколадтың кесегін ұсынады! Джад таңқалып әрі ұялып қалады, өйткені ол Ибрагим аға оның күнделікті жасап жүргендерін біліп қояды деп ойламап еді. Ол сатушыдан оны кешіруін өтінеді, енді ешқашан оның дүкенінен сұраусыз түк алмайтынына уәде етеді. Онысына Ибрагим аға: «Жоқ, енді ешқашан өміріңде сұраусыз түк алмаймын деп уәде бер, сол үшін менен күнде шоколад алуыңа болады», - деп тіл қатады. Әрине, мұндай ұсыныстан Джад өте бақытты болады. Бірнеше жылдан соң еврей ұл мен қарт түріктің достасып кеткендері сондай, Ибрагим аға ұлдың екінші әкесіндей болып кетеді. Егер Джадтың бір мәселелері болса, ол Ибрагим ағаға келіп, оған айтып әрі кеңес сұрайтын. Әр кез Джад өз әңгімесін бітіре бергенде, Ибрагим аға әлдебір кітапты алып, Джадқа оның кез-келген бетін ашуын сұрайтын. Бала кітапты ашқанда, Ибрагим аға кітаптың екі бетін оқитын, ал Джадтың мәселесі шешілетін. Бала одан әрқашан қуанышты болып кететін, оны мазалаған нәрсе кетіп, жаны жай табатын, себебі осылайша оның келеңсіздіктері шешілетін. Жылдар өтті, мұндай қарым-қатынас – білімсіз қарт мұсылманның білімді жанұядан шыққан жас еврей жігітіне ақыл беруі – сақталып еді. Джад 24-ке келгенде, Ибрагим аға 67 жасында бақилық болады. Ибрагим қайтыс болды, бірақ өлерінің алдында балаларына бір қорапты Джадқа берулерін өтінеді. Бұл қорапқа ол Джад оның кеңестерін сұрағанда, әр кез ашатын кітапты салып қойған болатын. Джадқа Ибрагим ағаның өлімін естірткенде, ол қатты қапаланады. Оның досы әрі ақылшы адамы қайтыс болды, оған біреу көмектесе алар деп үміттенбегенде, ол оған әр кез болысатын еді.
Бірде Джадта тағы да мәселелер туындағанда, ол Ибрагим ағаның балалары берген сыйлықты есіне алды. Ол қорапты ашып, дәл сол кітапты табады, оны Ибрагим оған көмек керек болғанда әр кез ашатын еді! Джад кітапты ашты, бірақ ол араб тілінде жазылғандықтан, ол оны оқи алмады. Сонда ол өзінің Тунистен келген досына барады да осы кітаптің кез-келген екі бетін оқып беруін сұрайды, әдетте ол үшін Ибрагим аға солай жасайтын. Досы да солай жасайды, нәтижесінде Джадтың мәселесі тағы да шешіледі! «Бұл неткен керемет кітап?», - деп сұрайды таңқалған Джад, сонда оның досы-араб былай жауап береді: «Бұл Құран, мұсылмандардың қасиетті кітабы». Сонда Джад: «Мен де мұсылман болғым келеді! Қалай мұсылман болуға болады?», - деп саңқ етеді. Досы оған түсіндіріп береді: «Айт, құлшылыққа лайық Жалғыз Алладан басқа ешкім жоқ және Мұхаммед – Оның Елшісі, Алла Өз заңында (шариғатта) адамдарды үйреткендердің бәрін де ұстан». Джад оның соңынан қайталады: «Алладан басқа Құдайдың жоқ екендігіне және Мұхаммед – Оның құлы әрі Елшісі екендігіне куәлік беремін». Осылайша, Джад мұсылман болды, өзіне ДжадуЛЛах әл-Курани деген жаңа есім алады. Ол ұлы кітапқа деген өзінің құрметін көрсету үшін осындай есім таңдады, қалған өмірін осы қасиетті кітапқа қызмет етіп өткізбек болып шешті. Ол талаптанып араб тілін үйреніп алды және Құраның мағынасын түсінуге тырысты. Кейін ол Еуропада адамдарды Исламға шақыру жұмысын бастады, оның көмегімен көп адамдар Исламды қабылдайды. Ол 6 мың-дай еврей мен христиандарды Исламға кіргізген деп саналады. Бір күні ескі қағаздарын қарап отырып, ол Ибрагим ағадан сый болып келген Құранды қайтадан ашты. Кітаптың бас жағынан ол әлем картасын көрді, Африка континенті бейнеленген жерде Ибрагим ағаның қолымен жазылған жазу бар еді. Бұл Құранның аяты болатын: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр» (16:125). ДжадуЛЛах бұны Африкаға барып, адамдарды Исламға шақыру керек деген белгі деп шешеді. Ол адамдарды Аллаға шақыру үшін Еуропадан кетіп, Кенияға, Оңтүстік Суданға және Угандаға жол тартады. Оның сол жерде жұмыс атқарған кезінде алты миллионнан артық адам Исламды қабылдаған деп саналады. ДжадуЛЛах әл-Курани нағыз мұсылман, Алланың қызметшісі, өмірінің 30 жылын Исламды таратуға арнаған, Африканың оқшауланған жерлеріндегі адамдарды Алланың заңдарын ұстануға шақырған. Оның қызу еңбегінен соң миллиондаған адамдар Исламды қабылдаған... ДжадуЛЛах әл-Курани 2003 жылы ауыр дерттен көз жұмады, ол оны адамдарды шынайы дінге еруге шақырып жүргенде Африкада жұқтырған еді. Сол кезде ол 54 жаста болатын...
Джадтың анасы иудаизмның жанкешті ерушісі болатын, сондай-ақ, өте білімді әйел, университетте оқытушы болған. Ол Исламды 2005 жылы, ұлының өлімінен соң екі жылдан кейін, 70 жасында қабылдайды. Өмірінің 30 жылын ұлын иудаизмге қайтару үшін жібергенін мойындаған. Өзінің білімділігіне және адамдарды сендірудегі шеберлігіне қарамастан, ол өз ұлын Ибрагим ағаның - қарапайым білімсіз адамның қол жеткізгенінен – оның ұлының жүрегін Исламға қаратып алғанынан, қайтара алмаған. Сөйтіп, ақырында, бұл діннің шынайы екендігін мойындаған. Сонымен, неге Джад Исламды қабылдады?
Джад айтатын, олардың 17 жыл достығы кезінде Ибрагим аға ешқашан оған: «Сен қателескенсің», «Сен еврейсің», сен Исламды қабылдау керексің, әйтпесе Тозақта боласың немесе тағы соған ұқсас нәрселерді бір де бір рет айтпаған екен. Ойлап қараңызшы, 17 жыл бойы ол ешқашан ұлмен әртүрлі діндер туралы және Исламды иудаизммен салыстыру туралы әңгімелеспеген! Алайда осы білімсіз қарт адам баланың жүрегін Исламға тарта білген. Бір жиналыста Джадтан оның жұмысының арқасында бірнеше миллион адамның Исламды қабылдағанын біле отырып, оның не сезінетінін сұраған. Ол ешқандайда мақтанбайтынын және бұл оның жұмысы екендігін сезінбейтінін, өйткені бұл Алла Тағаланың мейірімі, сондай-ақ, бұл Ибрагим ағаның оған еткен таңғаларлық ықпалының нәтижесі деп жауап берген екен. Ислам ғалымы, д-р Сафват Худжази Лондондағы конференцияда Судандағы жағдайды талқылап жатқанда – мұқтаж мұсылмандарға қалай қолдау көрсету, оларды христиан дініне кіргізіп алудан қалай сақтау керектігі жөнінде – сонда ол африка тайпасының бір көсемін кездестіргенін айтқан. Кездесу кезінде доктор әлгі көсемнен сұрайды: «Сіз доктор ДжадуЛЛаха әл-Кураниді білмеп пе едіңіз?» Бұл есімді естіген көсем орнынан тұрып, доктор Худжазиден қайтара сұрайды: «Сіз ол адамды біліп пе едіңіз?» «Ия, біз Швейцарияда кездескен едік, ол емдеу курсын өтіп жүрген болатын». Одан кейін көсем қатты қуанып кетіп, доктор Худжазаның қолын алып, сүйіп алады. Ғалым таңқалып: «Сіз не істеп жатырсыз, мен мұндай құрметке ие емеспін», - дейді.
Көсем оған: «Мен сіздің қолыңызды емес, мен доктор ДжадуЛЛаха әл-Куранидің қолын қысқан адамның қолын сүйдім», - деп жауап берген екен. Ғалым одан: «Сіз Исламды доктор ДжадуЛЛаха әл-Курани арқылы қабылдадыңыз ба?» - деп қайтадан сұрайды. Сонда көсем: «Жоқ, мен ДжадуЛЛаха әл-Курани (оған Алланың рақымы болсын) Исламға кіргізген адамдардың бірінен қабылдадым», - деген екен.
asyldin.kz