Антисептикті үйде дайындау жолдары

Антисептикті үйде дайындау жолдары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) короновирустық инфекцияның қаупін азайту үшін құрамында кем дегенде 60%, ең дұрысы 80% алкоголь мөлшері бар антисептик қолдануды ұсынады.  Сондай-ақ, құрамында хлогексидині (2%) бар антисептиктер де жарамды. Қытай елінде алкоголь құрамы 70%-ды құрайтын антисептиктер тегін таратылғаны белгілі. Бірақ көпшілік немқұрайлы қарағандықтан өрт шыққан жағдайлар орын алды. Сондықтан құрамында алкоголь бар немесе сондай сұйықтықпен өңделген заттардың тез тұтануы мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Антисептиктен бөлек құрамында спирті бар сулықтарды да қолдануға болады. Онымен тек қолыңызды ғана емес, кілттеріңізді, сөмкеңізді, ұялы телефондарыңызды және планшет сияқты жиі қолданатын заттарыңызды да сүртіп отырған абзал. ДДСҰ сақтану шараларының бірі ретінде мүмкіндігінше қолды жиі жууға, болмаса залалсыздандыратын антисептикпен тазартып отыруға кеңес береді. Сондай-ақ, ДДСҰ ұсынған антисептик дайындау рецептісін келтіре кетейік: Қажетті ингредиенттер: - 800 мл этил спирті; - 40 мл сутек тотығы (перекись водорода); - 15 мл глицерин. Бұл компоненттерді араластырып, қажетті мөлшерде таза немесе қайнаған су құю керек. Нәтижесінде шамамен 1 л антисептик шығады. Оны ыдыстарға бөліп құйып қоюға болады. Үнемі спиртті спрейден теріңіз құрғап кетпесі үшін ылғалдандырушы әсері бар глицерінді міндетті түрде қосуды ұмытпаңыз. Мұндай антисептикті қол жууға мүмкіндік жоқ кезде, әсіресе, қоғамдық көлікке мінгеннен кейін жиі қолдану керек. Ал мүмкіндік болса, қолды аз дегенде 20 секунд бойы сабындап жуу ұсынылады.  Антисептикті бөлме температурасында, тұтандырғыш заттардан алыс жерде ұстаған абзал. Сонымен бірге назарларыңызға ВВС news  корреспонденті Николай Воронин дайындаған тағы бір рецептіні ұсынамыз.

 ummet.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: