Алла Тағала Қиямет күнінің дәл қашан болар уақытын жасырып қойған. Қиямет мынадай жылдың мынадай күні болады деген адамдар өтірікші-алдаушылар. Өйткені Қиямет күнінің қашан орын алатындығы жайында ешбір пенденің, тіпті Пайғамбарымыздың (ﷺ) және оған уахи әкелген Жәбірейілдің (ғ.с.) де мағлұматы жоқ. Бұл күннің жасырылуында да Алла Тағаланың үлкен даналығы жатыр – адам баласы үнемі оған дайын жүруі керек. Бізге дейін өмір сүрген адамдар Алла Тағала тарапынан өздеріне жіберілген пайғамбарлардан (ғ.с.) Қиямет күнінің қашан болар мезгілін сұраған. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтқан: «Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланың қасында» (31:34). «(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де» (7:187).
Пайғамбарымыз (ﷺ) Қиямет күнінің қашан болатындығын сұрағандарға үнемі: «Ол күннің уақытын тек Алла ғана біледі», - деп жауап беретін. Дегенмен де Пайғамбарымыз (ﷺ) ақырзаман уақытын айтпағанымен, оның белгілерін айтып кеткен әрі бұған Алла Елшісінің (ﷺ) «Мынадай оқиғалар орын алмай Қиямет күні болмайды» деген көптеген хадистері дәлел. Қиямет күнінің белгілерін ғұламалар осы хадистерге сүйене отырып үлкен-кіші белгілер деп екіге бөледі. Міне, осымен Қиямет күнінің үлкен белгілерін қысқаша баяндауымыз аяқталды.
Жаратушы Жалғыз Алла Тағала күллі мұсылман қауымын Өзінің сүйген құлдарының қатарынан болуға нәсіп етсін. Әмин!
asyldin.kz