29 бөлім. Қиямет күнінің жетінші үлкен белгісі: Күннің Батыстан шығуы
Бұл жөнінде сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Күн батыстан тумай тұрып Қиямет болмайды. Сол кезде барлық адамдар иман келтіреді, алайда имандары өздеріне пайда бермейді» (Бұхари 1881, Мүслім 2943).
Құран Кәрімде былай айтылған: «...Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді...» (6:158).
Ғалымдар бұл аяттағы белгілердің бірі – күннің батыстан шығуы деп білдірген. Жоғарыдағы хадисте де осы жайт баяндалған. Күн батыстан шыққаннан кейін тәубеге келу мерзімі тоқтап, мұнан кейінгі тәубе қабыл болмайды. Мүмін –мүмін, кәпір – кәпір күйінде қалады. Бізге тәубенің екі жағдайда қабыл болмайтындығы белгілі, біріншісі: жан алқымға келген сәтте, екіншісі: күн батыстан шыққаннан кейін.
asyldin.kz