31 бөлім. Бәрін жалмайтын От жайлы не айтылған?

31 бөлім. Бәрін жалмайтын От жайлы не айтылған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

31 бөлім. Қиямет күнінің тоғызыншы үлкен белгісі: Бәрін жалмайтын От

Қияметтің келгенін білдіретін үлкен белгілердің соңғысы дүние жүзін жалмайтын алып от Йемендегі Аден қаласынан шығады. Орасан зор оттан қорқып қашқан жер бетіндегі адамдар бір жерге шоғырланып жиналады. Бұл белгінің дәлелі Мүслім Хузейф бин Усейдтен (р.а.) келтірген хадисте көрініс тапқан: «Соңғысы Йеменнен шығатын от болады әрі бұл от адамдарды бір жерге жинайды» (Мүслім Сахих, 2901). Аталмыш хадистің енді бір нұсқасында былай айтылған: «Йеменнің бір шұңқырынан шығатын алып от адамдарды жансауғалай қашуға мәжбүрлейді...».

Енді бір сенімді хадисте былай келтірілген: «Хижаздан шыққан от Басрадағы түйелердің мойындарын жарқыратады».

Қияметтің жақын қалғанын білдіретін аталмыш белгілер ақырзаман болардың дәл алдында орын алып, Алланың қалауымен, осыдан кейін Қиямет күні болады. Бізге келіп жеткен хадистерден белгілі болғандай, бұл белгілер бірінен кейін бірі жылдам болады. Ат-Табарани Әбу Хурайрадан (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Қияметтің үлкен белгілері алқадан үзілген мойыншақтай жылдам  шашылып кететін болады».

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: