30 бөлім. Қиямет күнінің сегізінші үлкен белгісі: Жануардың жерден пайда болуы
Қиямет жақындағанда, Алланың қалауымен, жерден шығатын жануардың орасан зор болатындығы сондай оның ұзындығы алпыс шынтақтай болады. Бұл хайуанның дене мүшесі әртүрлі жануарлардың дене мүшесіне келетін болады деген пікірлер қалыптасқан. Ақырзаманның алдында мұндай жануардың пайда болуы Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннеттерімен дәлелденген. Бұл жануар жөнінде Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол, Оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады…» (27:82).
Мүслім Әбу Хурайрадан (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Күннің батыстан шығуы, Дәжжал және жерден шығатын жануар, міне, осы үш нәрсе шықса, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген жанның иманы өзіне пайда бермейді» (Мүслімнің Сахихы, 158).
Имам Ахмад Әбу Умамадан (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Жануар шығып, адамдардың мұрындарын таңба салады. Олардың көбейгені соншалық, түйе сатып алған бір кісіден: «Кімнен сатып алдың?» - деп сұраса: «Таңбаланғандардың бірінен сатып алдым», - деп айтатын болады (Ахмадтың Муснады, 5/268).
asyldin.kz