27 бөлім. Қиямет күнінің бесінші үлкен белгісі: Үш тұтылу
Ақырзаман таяғанда үш үлкен тұтылу орын алатын болады. Біріншісі: Батыста, екіншісі: Шығыста және үшіншісі: Араб түбегінде.
28 бөлім. Қиямет күнінің алтыншы үлкен белгісі: Түтін
Құран мен хадистерде келтірілгендей, ақырзаман таяғанда көктен қою түтін пайда болады да дүниені қаптап алатын болады. Бұл жөнінде Алла Тағала Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. Адамдарды қаптап алады; Бұл жан түршігерлік азап» (44:10-11). Хузейф бин Усейд Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Ақиқатында, Қиямет күнінің үлкен белгілері орын алмай, ақырзаман болмайды». Бұл үлкен белгілердің қатарында түтіннің пайда болуы да бар болатын («Мүслім Сахих» 2909).
asyldin.kz