26 бөлім. Қиямет күнінің төртінші үлкен белгісі: Яжуж бен Мажуж

26 бөлім. Қиямет күнінің төртінші үлкен белгісі: Яжуж бен Мажуж

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Яжуж бен Мажуж атты екі тайпаның пайда болатындығы жайында аяттар мен хадистерде келтірілген. Алайда бұл қауымның кімдер екені белгісіз. Бірақ хадистерде қорғанның ішіне қамалған Яжуж бен Мажуж елі Қиямет күніне таман Жер бетін қара құмырсқадай қаптап, олардың жүріп өткен жеріне не шөп өспейтіндігі және олар жүріп өткен жердегі күллі суды ішіп тауысатындығы жөнінде келтірілген. Тіпті бұл қауым жүріп өткен жердегі адамдар бұл жерде кезінде өзен болатын деп естеріне  алып отыратын. Қасиетті Құранда аталмыш қауым жайында айтылған аяттарды келтіріп өтейік: «Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді. Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын” деді. “Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді. Сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады. (Зұлқарнайын): “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. Қашан Раббымның уәдесі (қиямет) келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ” деді» (18:94-98).

«Яжұж, Мажұж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. Ол шын уәде (қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: “Әттеген-ай! Біз бұдан кәперсіз залым екенміз” дейді» (21:96-97). Жоғарыда келтірілген аяттарға сай, Зұлқарнайын Алланың әмірімен Яжуж бен Мажуж қауымын бір жерге қамап тастаған. Қиямет таяғанда бұл қауым сол қорғанды тесіп шығып, Жер бетін жайлап, ел арасында бүлік шығаратын болады. Аталмыш қауым адамдарды езгенімен қоймай, көкті де өз билігінде ұстамақшы болады. Сонда Алла Тағала олардың бастары мен желкелеріне бір құрт жіберетін болады. Құрттар олардың жанын жеп, ақыр соңында бәрі түгелдей қырылып қалатын болады.  Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: Өз жанымның Иесімен ант етемін, Жер бетіндегі күллі хайуандар мен жәндіктер олардың өлекселерін жеп, аққан қанын ішіп, жардай болып семіретін болады» (Ибн Мәжа, Фитән, 33). 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: