25 бөлім. Заманның соңында Ғисаның (ғ.с.) келуіндегі даналық

25 бөлім. Заманның соңында Ғисаның (ғ.с.) келуіндегі даналық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егер неге заманның соңына таман басқа пайғамбар емес дәл Ғиса (ғ.с.) келіп Дәжжалды өлтіреді және мұның даналығы неде деген сұрақ туындаса, оған былай жауап беру керек:

1. Бұл Ғиса (ғ.с.) өлді дегенді жоққа шығарады. Және, бірінші кезекте, Дәжжалдың негізгі көмекшілері яһудилерді теріске шығарады.

 Ибн Хаджар бұл пікірді ең дұрысы деп санайды (Фатх әл-Бари, 6/493).

Тарихи негізде яһудилер Ғисаның (ғ.с.) Алла пайғамбары екендігін мойындамаған әрі әлі күнге оны жалған пайғамбар деп санайды, сондықтан да яһудилер соңынан ерген Дәжжалды өлтіруге Ғисаның (ғ.с.) түсірілуі – Алла Тағаланың даналығы әрі бұл яһудилердің иман келтірмеуде алған беттерінен қайтпайтындарына нақты дәлел.

2. Ғиса (ғ.с.) Інжілден Мұхаммедтің (ﷺ) үмбетінің қадір-қасиетін көрген, бұл жөнінде Алла Тағала былай деген:

«Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рүкұғда, сәждеде көресің. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар. Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті» (48:29).

Содан кейін Ғиса (ғ.с.) осы үмбеттің мүшесі болсам деп дуға жасайды, ал Алла Тағала оның дұғасын қабыл алып, заман соңына таман жібереді.

Имам Мәлік, рахимахулла, былай айтқан: «Маған мынадай хабар жеткен сахабалар Шамды жаулап алғанда, оларды көрген жергілікті христиандар былай деген екен: «Олар бізге жіберілген апостолдардан жақсырақ екен» (Ибн Касир «Тәпсірі», 7/343).

Ибн Касир былай айтқан: «Бұл турасында олар дұрыс айтады, өйткені бұл үмбет алдыңғы Кітаптарда да дәріптелген» (Ибн Касир «Тәпсірі», 7/344).

Имам аз-Захаби «Тажрид асма ас-сахаба» деген сахабалар туралы кітабында Ғисаның (ғ.с.) атын келтірген: «Ғиса ибн Мәриям (ғ.с.) - сахаба әрі пайғамбар, ол Миғраж түні Мұхаммед Пайғамбарымызды (ﷺ) көрген және ол ең соңғы өлген сахаба» (Тажрид асма ас-сахаба, 1/432).

3. Ғиса (ғ.с.) көктен түседі, өйткені оның өмірінің соңы таяған, ал жаратылғандар өліп, тек жерге ғана жерленулері керек. Және бұл оның Дәжжалды өлтіру кезіне сәйкес келеді.

4. Ол өзін құдай деп санаған христиандардың жалған сенімін жою үшін келген. Исламнан басқа діндердің бәрін Алла Тағала құртады. Ғиса (ғ.с.) кресті сындырып, шошқаны өлтіріп, жизияны жояды.

Бұл пікір бойынша, оның келуінің негізгі даналығы  - Ғисаны (ғ.с.) құдай деп табынған заманауи христиандардың жалған сеніміне балта шабу.

5. Бұл үмбеттің ерекше қасиеті Пайғамбарымыздың (ﷺ) келесі хадисінде келтірілген: «Басқаларға қарағанда мен Ғиса (ғ.с.) жақынмын, өйткені ол екеуміздің арамызда пайғамбар болмаған» (Бұхари мен Мүслім).

 

Бұл хадис біздің Пайғамбарымыздың (ﷺ) Ғисаға (ғ.с.) ерекше жақындығын көрсетеді. Құранда көрсетілгендей, Ғиса (ғ.с.) өзінен кейін соңғы Елшінің келетіндігін сүйіншілеген болатын:

 «Сол уақытта Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.): “Әй Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін “Ахмед” атты пайғамбарменен сүйіншілеймін” деген еді. Бірақ олар (ол, айтылған) Пайғамбар, оларға ашық дәлелдермен келген кезде: “Бұл ашық жады” деді» (6:6).

Ал басқа бір хадисте Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқаны келтірілген:

«Уа, Алла Елшісі, өзің туралы айт! Сонда ол: Мен әкем Ибраһимнің жасаған дұғасына берілген жауабымын әрі бауырым Ғисаның (ғ.с.) сүйіншісімін» (Ахмадтың «Муснады», 4/127 және 5/262).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: