24 бөлім. Ғиса ибн Мәриямның (ғ.с.) келуінің дәлелдері

24 бөлім. Ғиса ибн Мәриямның (ғ.с.) келуінің дәлелдері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Заманның ақырына таман Ғисаның (ғ.с.) келуі Құранда және Сүннетте – тауатур дәрежесіндегі сенімді хадистерде келтірілген әрі бұл Қиямет күнінің үлкен белгілерінің бірі болып табылады.

 

Құраннан дәлелдер:

1. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай деген:

 «Мәриям ұлын мысал келтіргенде, оған, елің қарқылдап күлді.

Олар: “Біздің тәңірлеріміз жақсы ма? Не Ғиса жақсы ма?”- деді. Олардың саған бұны айтулары, жанжал үшін ғана. Өйткені олар, қиқар ел. Ол Ғиса (Ғ.С.) Біз өзіне игілік берген сондай-ақ Израил ұрпақтарына бір мысал қылған құл ғана. Егер қаласақ, сендерден періште жаратар едік те, олар орындарыңды басар еді.

Күдіксіз (Ғиса Ғ.С.) қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол» (43:57-61).

 

Бұл аяттардың мәнмәтінінде Ғиса (ғ.с.) туралы айтылуда, соңында «ол (Ғиса) Қиямет мезгілінің белгісі» делінген, яғни оның келуі – Қиямет күнінің жақындағанын білдіреді, сөзсіз, оның келуін Дәжжалдың уақытына жатқызуға болады. Имам Ахмад Ибн Аббастың (р.а.) «ол (Ғиса) Қиямет мезгілінің белгісі» деген сөз туралы  айтқанын келтірген: «Ғисаның (ғ.с.) келуі Қиямет күнінің алдында болады». Құранға тәпсір берушілердің пікірлері «ол» сөзінің астарында кімнің айтылғандығы жөнінде әртүрлі болды, Ибн Касир былай жазған: «Сенімді пікір – «ол» есімдігі Ғисаны (ғ.с.) көрсетеді, өйткені мәнмәтін соны шамалайды (Ибн Касир «Тәпсірі», 7/222).

Алла Тағала былай деген:

«Тағы да; Алланың елшісі, Мәриям ұлы Ғиса Мәсихты өлтірдік!,- дегендіктері негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оларға ұқсатылды (Олар Ғисаға ұқсатылған біреуді өлтірді.) Расында, ол жайында қайшылықтағылар, әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді. Олай емес, Алла оны өз тарапына көтерді. Алла(Т.) өте үстем, хикмет иесі. Кітап иелері, Ғиса(Ғ.С) ға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады» (4:157-159).

Бұл аятта яһудилердің Ғисаны (ғ.с.) өлтірмегені әрі Алла Тағала оны Өз тарапына көтергені айтылған, тағы бір аятта былай көрсетілген:

«Сол уақытта Алла: «Әй Ғиса! Сені Мен алушымын! Сондай-ақ өз тарапыма көтерушімін әрі қарсы болғандардан тазартушымын да саған ілескендерді қияметке дейін қарсы болғандарға үстем қыламын. Сонсоң қайтар жерлерің Мен жақ! Сонда таласқан нәрселеріңе үкім беремін» деді» (3:55).

Бұл аят Қиямет күніне таман Кітап иелері Ғисаға (ғ.с.) иман келтіретін болады, бұл Ғисаның (ғ.с.) келуі мен оның өлімінің алдында болады.

Имам ибн Джарир әт-Табари Ибн Аббастың «оның өліміне дейін», яғни «Ғисаның (ғ.с.) өліміне дейін» деген сөзін жеткізген (әт-Табари «Тәпсірі», 6/18). Бұл аят туралы әртүрлі тәпсірлерді саралай келе, имам әт-Табари былай деген: «Барлық тәпсірлер арасындағы ең дұрыс пікір, бұл аяттың мағынасы былай дегендер: «Кітап иелерінің арасында  Ғисаның (ғ.с.) өлімінің алдында оған иман келтіретіндер болады» (әт-Табари «Тәпсірі», 6/21). Ибн Касир былай деп жазған: «Бұл аяттың осы тәпсірі - ең дұрысы» (Ибн Касир «Тәпсірі», 2/415).

Ал, Кітап иелері Ғисаның (ғ.с.) өлімінің алдында оған иман келтірулері үшін ол қайтадан келуі керек, өйткені ол өлген жоқ, оны Алла Тағала Өз тарапына тірі күйінде көтерген.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: