22 бөлім. Қияметте Иса пайғамбар (с.а) қайта келеді деген рас па?

22 бөлім. Қияметте Иса пайғамбар (с.а) қайта келеді деген рас па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

22 бөлім. Қиямет күнінің үшінші үлкен белгісі – Ғиса ибн Мәриямның келуі (ғ.с.).

Дәжжал пайда болып, Жер бетінде зор бүлік басталған кезде Дамаскінің шығыс жақ ақ мұнарасына  Алла Тағала көктен Ғисаны (ғ.с.) түсіреді. Ол Дәжжалмен соғыспақ болған топты қолдау үшін түсіріледі. Ол намаз басталардың алдында келіп, имамның артында тұрып намаз оқиды. 

Ибн Касирдің (Ән-Нихая, 1/145) келтіргеніндей, Ғисаның (ғ.с.)кезінде 741 жылы мұсылмандар Дамаскідегі ақ мұнараны қайтадан жасаған болатын, құрылыс аталмыш мұнараны алдында бұзып, өртеп жіберген христиандардың ақшасымен жүргізіледі. Бұл тағы да Пайғамбарымыздың (ﷺ) миссиясының шынайылығын көрсетеді, өйткені Ғиса (ғ.с.) христиандардың ақшасына салынған мұнараға түседі әрі шошқаларды өлтіріп, христиандар табынатын кресті сындырады, енді олардың жизиясы (мұсылман билігін мойындап, өз діні бойынш өмір сүретін адамнан алынатын жан басы салығы) қабылданбайды.

Ибн Самааннан келген хадисте Дәжжалдың келуі толығымен сипатталады: «Алла Тағала Ғисаны (ғ.с.) Дамаскінің шығыс жақтағы ақ мұнарасына бәйшешекпен безендірілген екі киіммен әрі қолдарын екі періштенің қанаттарына қойған күйі түсіреді».

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: