18 бөлім. Дәжжал: Оның шынайылығы

18 бөлім. Дәжжал: Оның шынайылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәжжал жасайтын кереметтерге келер болсақ, Ибн Касир келтіргендей, кейбір ғалымдар, дәлірегінде, әт-Тахауи мен Ибн Хазм сияқты имамдар оның кереметтерін иллюзиядан туындаған, шындығында болмайтын  дүниелер деп санаған. Мутазилиттер де солай деп ойлайды.

Кейін Рашид Рида ешқандай да кереметтер болмайды, өйткені бұлар физика заңдылықтарына қайшы келеді. Осы айтылғандарды келесідегідей теріске шығаруға болады:

1. Бұл оқиғалар сенімділігінде күмән жоқ хадистерде келтірілген.

2. «Фатх әл-Бариде» Ибн Хаджар Дәжжал жасайтын әрекеттер мен кереметтердің бәрі шынайы түрде болатындығын, олардың иллюзиядан туындаған дүниелер емес екендігін көрсетеді. Бұл кереметтер Алла Тағала құлдарының арасында бүлік пен сынақ тудырып, олардың ішіндегі иман келтіргендерді анықтайтын болады.

3. Физика заңдылықтарына қайшы келгендіктен кереметтердің орын алуы мүмкін емес деген тұжырым, Құран мен Сүннетте баяндалған пайғамбарлар жасаған кереметтердің болмағандығын да білдіреді. Бірақ Алла Тағала – Жалғыз Жаратушы, Ол қалай қаласа, солай болады.

Дәжжалды зұлымдық пен әділетсіздіктің жинақтама бейнесі ретінде емес, шынайы тұлға түрінде көретіндіктерін жазған ежелгі ғалымдардың дәйексөздерін келтірейік:

Кади Ияд:

«Мүслім келтірген хадистер иман келтіргендерге Дәжжалдың шынайылығын, оның жеке тұлға екендігін және Алла Тағала сол арқылы  мүміндерді сынайтындығының дәлелі. Алла оның бойына бірнеше қасиеттер  дарытады: өлген адамдарға қайтадан жан береді, ол аяқ басып келген жер құнарланып, мол өнім беретін болады, бұйырып жаңбыр жаудыратын, бұйырып жерден жеміс шығаратын болады. Осы кереметтердің бәрі де тек Алла Тағаланың қалауымен ғана іске асатын болады, сосын Жаратушы оның бұл қасиеттерін қайтып  алады, ал оны Ғиса пайғамбар (ғ.с.) өлтіреді» (1).

Одан кейін Кади Ияд Дәжжалды тек харижит пен мутазилит сияқты адасқан секталар ғана жоққа шығарады деп атап көрсеткен.

Ал ибн әл-Араби әл-Мәлік былай деп жазған (2).

«Дәжжалдың жаңбыр және өнім шығаратын белгілері – оған сенгендер үшін, ал оның белгілеріне сенбегендерге – қуаңшылық. Мұның бәрі Алланың сынағы. Күмән келтіргендер өлді де сенгендер – тірі қалды (құтылды)». Бұл пікірді Ибн Касир мен Ибн Хаджар әл-Хайтами да келтірген, сондықтан да әһлү-сүннә ғалымдарының тұжырымдамасы да бір жерден шығады, яғни Дәжжал – жинақтама бейне емес, ол - жеке тұлға. Сондықтан Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Дәжжалдың бүлігінен өткен артық бүлік болмайды» (3).

 

(1) Шарх Сахих Мүслім, Науауи 18/58-59

(2) Фатх әл-Бари, 13/103

(3) Сонда келтірілген

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: