9 бөлім. Әл-Мәхдидің келуі туралы хадистер
Жоғарыда келтірілген хадистерден белгілі болғандай, заманның соңына таман келер имам әл-Махдидың Алла Елшісінің (ﷺ) ұрпағынан және әлемді әділдікке толтыратыны туралы риуаяттар тауатур дәрежесіне жеткен. Әл-Мәхдидің келуі туралы хадистер тауатур дәрежесіне жеткен деп көрсеткен ғалымдарға келесілер жатады:
1. Әбу әл-Хасан әл-Абари:
«Әл-Мәхди туралы Алла Елшісі (ﷺ) тауатурмен келтірген, оның әһлү бейтке жататындығы, жеті жыл бойы билік жүргізетіні және әлемді әділеттілікке толтыратыны, Ғиса ибн Мәриәм Дәжжәлға қарсы шайқасында оған көмектесуі, оның үмбеттің имамы болатыны әрі Ғисаның (ғ.с.) оның артында тұрып намазға жығылуы» (Тахзиб әл-камал, 3/1194; Әл-Хауи лил-фатауа, 2/493-494).
2. Мұхаммад әл-Барзанджи де «Аль-Иша’а лиашрат ас-cа’а» (112 б.) кітабында былай жазады: «Уақыттың соңына таман келер әл-Мәхди туралы хадистерден оның Алла Елшісінің (ﷺ) ұрпағынан, Фатиманың (р.а.) ұлдарынан болатынын сен әлдеқашан түсіндің, хадистер мағыналы тауатурға жеткен және де оны теріске шығарудың еш мәні жоқ».
3. Әл-Алляма Мұхаммед ас-Сафараиини былай айтқан: «Әл-Мәхдидің келуі туралы хадистердің көп айтылатындығы сондай, олар мағыналы тауатур дәрежесіне жеткен» (Ләуами’ әл-ануар, 2/84).
4. Аш-Шавкани былай айтқан: «Мәхди туралы келтірілген хадистердің саны, тұтас алғанда, тауатурға жеткен, елуге жеткен, солардың ішінде сенімділері (сахих), жақсылары (хасан) және әлсіздері бар, бірақ жалпы растау бұл әлсіздікті жояды» (Әл-Иза’а, 113 б.).
5. Садық Хасан былай айтқан: «Әл-Мәхдидің келуі туралы хадистердің саны орасан зор, сондықтан, жалпы алғанда, олар мағыналы тауатур дәрежесіне жеткен» (Әл-Иза’а, 112 б.).
6. Шейх Мұхаммед ибн Жафар әл-Каттани былай айтқан: «Мәселе мынада, әл-Мәхди аталған хадистер — тауатурға жеткен» (Назм әл-Мутанасир, 174 б»). Мутауатир хадистер туралы кітап жазған шейх Мұхаммед ибн Жафар әл-Каттанидің сөздеріне ден қоя қарау керек, кітапта ол имам әл-Мәхдидің келуін және ол туралы хадистер тауатур дәрежесіне жеткенін көрсеткен.
asyldin.kz