Оның есімі Алла Елшісінің (ﷺ) есімі сияқты, ал әкесінің есімі Алла Елшісінің (ﷺ) әкесінің есімі сияқты болады, яғни оның есімі Мұхаммед немесе Ахмад ибн Абдулла болады. Және де ол Фатиманың (р.а.) ұлдарының, дәлірегінде — Хасанның (р.а.) ұрпағынан болады. Ибн Касир былай айтқан: «Оның есімі – Мұхаммед ибн Абдулла әл-Әли әл-Фатима әл-Хасан (р.а.)» (Ан-Нахия, 1/29). Ал оның келбетіне келер болсақ, оның маңдайы кең және жіңішке ұзын мұрнының ортасында дөңесі болады деп келтірілген (Ан-Нахия, 1/29).
asyldin.kz