3 бөлім. Қиямет күнінің үлкен белгілері бірінен кейін бәрі жылдам болады
Қиямет күнінің бірінші үлкен белгісі пайда болысымен, басқалары лек-легімен бірінен соң бірі тез болады. Ат-Табарани «Әл-Аусатта» Әбу Хурайраның (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізген: «Алқадағы ұсақ моншақтардай күндер бірінен соң бірі болатын болады». Ал имам Ахмад Абдуллах ибн Амраның Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Белгілер – бұл алқада біріккен ұсақ моншақтар. Алқа үзілгенде, олар бірінен кейін бірі шашыла жөнеледі».
Ең дұрысы, бұл хадисте Қиямет күнінің кіші белгілері емес, нақты үлкен белгілері меңзеліп отыр, өйткені кішілері уақытқа созылған, себебі Алланың соңғы Елшісінің (ﷺ) келуінің өзі — бұл Қиямет күнінің белгісі. Бұған мына факт те дәлел, көптеген үлкен белгілер бір-бірімен байланысты әрі дәйекті түрде келеді, имам Махдидің пайда болуы, Дәжжалдың пайда болуы, Ғисаның (ғ.с.) түсуі, Яжуж бен Мажуж, Ғисаның (ғ.с.) оларға қарсы айтқан дұғасы және олардың жойылуы. Осының бәрі үлкен белгілердің бірінен кейін бірінің жоғары жылдамдықпен болатынын көрсетеді. Ғисаның (ғ.с.) өлуі және күннің Батыстан шығуы, Түтін, Жануардың пайда болуы сияқты қалған белгілерінің арасында тағы да біраз уақыт өтеді, алайда мұның бәрі жылдам өтетін болады. Ибн Хаджар әл-Аскалани «Фатх әл-Бариде» былай айтқан: «Үлкен белгілердің алқа іспеттес екені нақты анықталған. Ол үзілгенде, Ахмадта келтірілгендей, ұсақ моншақтар бірінен кейін бірі тез шашыла жөнеледі» (Фатх, 13/77).
asyldin.kz