2 бөлім. Қияметтің басталғанын білдіретін алғашқы белгі

2 бөлім. Қияметтің басталғанын білдіретін алғашқы белгі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2 бөлім. Қиямет күнінің үлкен белгілерінің реттілігі жөніндегі ғалымдардың пікірлері

Риуаяттардағы қайшылықтарға бола ғалымдар бұл оқиғалардың орын алуын – қай белгі бірінші, ал қайсысы – соңғы болатынының реттілігі турасында әртүрлі пікірді ұстанады. Ибн Хаджар «Әл-Фатхта» былай айтқан: «Барлық хадистердің ішінде, әлемнің жалпы ғаламдық өзгерісіне әкеліп соғатын Дәжжалдың пайда болуы бірінші ірі оқиға екендігі сенімдірек болып көрінеді және бұл Ғисаның (ғ.с.) өлімімен аяқталады. Ал күннің Батыстан шығуы көк әлемінің өзгерісін көрсететін бірінші оқиға болады, ол Қиямет күнінің болуымен бітеді. Бәлкім, Жануардың пайда болуы күннің Батыстан шыққан күні орын алады». Сондай-ақ, ол былай айтқан: «Мұның даналығы мынада, күн Батыстан шыққан күні, тәуба есіктері жабылып, мүміндер мен мүшріктерді ажырату үшін осы Жануар пайда болады да тәуба есіктерінің жабылуын тәмамдайды. Ал Қиямет күнінің басталуының тікелей бірінші  белгісі - адамдарды жалмайтын От» (Фатх, 11/353).

Ибн Касир болса, әдеттегі істің барысына адам нанғысыз нәрсе болып көрінетін Жануардың пайда болуын жердегі бірінші күннің белгсі деп, ал Батыстан шығуын көктің бірінші белгісі деп санайды.

Ал Дәжжалға, Ғисаға (ғ.с.), Яжуж бен Мажужге және басқа оқиғаларға келер болсақ, Ибн Касирдің түсінігі бойынша, олар әдеттегі істер барысы бола алады және күннің Батыстан шығар уақыты мен Жануардың пайда боларына  дейін болуы мүмкін (Ан-Нахия, 1/164-168). Бұл екі пікірдің қасында, Ибн Хаджар әл-Аскаланидің (рахимаһулла), ұстанымы әлдеқайда түсінікті және ақылға қонымды, өйткені Дәжжал адам болса да, алайда іс жүзінде оның пайда болуы — бірінші үлкен белгі, өйткені оның бұйрығы бойынша жаңбыр жауып, жер өнім беріп және әдетте болмайтын басқа дүниелер бола бастайды. Ал ат-Тыби (рахимаһулла), былай айтқан: «Қиямет күнінің белгілері не оның жақын қалғанын, не оның басталғанын білдіреді. Біріншілеріне - Дәжжал, Ғисаның (ғ.с.) түсуі, Яжуж бен Мажуж әрі тұтылу, ал екіншілеріне – Түтін, күннің Батыстан шығуы, Жануардың пайда болуы және От жатады» (Фатх, 11/352-353). Ат-Тыбидің (рахимаһулла) осы жіктеуі өте анық және ақылға қонымды, расымен де Қиямет күнінің бір үлкен белгілері Уақыттың жақын екенін, алайда адамға әлі де болса тәубасына келіп, Исламды қабылдауына мүмкіндігі бар екендігін білдірсе, ал басқа  белгілері Қиямет күнінің басталғанын, тәуба есіктерінің жабылып, енді адам Исламды қабылдау мүмкіндігінен айырылғанын білдіреді.    

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: