1 бөлім. Қиямет қалай басталады?

1 бөлім. Қиямет қалай басталады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қадірлі оқырмандарымыз, бүгіннен бастап сіздердің назарларыңызға Қиямет күнінің үлкен белгілері жайында әңгімелеп беруді жөн көріп, Алланың қалауымен, қысқа әрі нұсқа түрін бөлімдерге бөліп баяндауды бастаймыз.

                        1 бөлім. Оқиғалардың реттілігі.

Қиямет күнінің үлкен белгілерінің пайда болуы мен оқиғалардың реттілігін нақты анықтау қиын. Бұл дәрісімізде үлкен белгілер келесі реттілік бойынша қарастырылады:

Бірінші үлкен белгі: Имам Махди.

Екінші үлкен белгі: Дәжжал.

Үшінші үлкен белгі: Ғисаның (ғ.с.) түсуі.

Төртінші үлкен белгі: Яжуж бен Мажуж.

Бесінші үлкен белгі: Үш тұтылу.

Алтыншы үлкен белгі: Түтін.

Жетінші үлкен белгі: Күннің Батыстан шығуы.

Сегізінші үлкен белгі:  Жануардың жерден пайда болуы.

Тоғызыншы үлкен белгі: Бәрін жалмайтын от.

Хадистерге келер болсақ, олардағы аталмыш белгілердің реттілігі риуаяттан риуаятқа өзгеріп отыруы мүмкін, өйткені оқиғалардың нақты хронологиясын анықтау қиын. Мысалы, Хузейфа (р.а.) келтірген хадисте былай айтылған: «Біздің бір мәселені қызу талқылап жатқанымызда үстімізге кіріп келген Алла Елшісі (ﷺ): «Сендер нені талқылап жатырсыңдар?» - деп сұрайды. Біз:  «Қиямет күнін талқылап жатырмыз», - деп жауап береміз. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтады: «Оның алдында болатын он белгілерін: Түтінді, Дәжжалды, күннің Батыстан шығуын, Ғиса ибн Мәриямның (ғ.с.) түсуін, Яжуж бен Мажужды, ал сондай-ақ, үш тұтылуды: Шығыстағы тұтылуды,  Батыстағы тұтылуды және Араб түбегіндегі тұтылуды сендер  көрмейінше, ол болмайды. Және де олардың соңғысы – бұл Йеменнен шығып, адамдарды қайтадан тірілту үшін жалмайтын от» (Мүслім). Имам Мүслім бұл хадисті Хузейфтен (р.а.) басқа түрде келтірген: «Қиямет күні тек оныншы белгіден кейін ғана болады: Шығыстағы тұтылу, Батыстағы тұтылу, Араб түбегіндегі тұтылу, Түтін, Дәжжал, жерден шыққан Жануар, Яжуж бен Мажуж, күннің Батыстан шығуы, адамдарды жалмайтын От». Ал басқа бір риуаятта: «Оныншы белгі – Мәриям ұлы Ғисаның (ғ.с.) түсуі» делінген. Осы бір хадисте оның екі нұсқасы бір сахабадан болса да бұл оқиғалар әртүрлі реттілікпен көрсетілген.  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: