Мылқау жанның алғашқы әрі ақтық сөзі

Мылқау жанның алғашқы әрі ақтық сөзі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде ауруханада жатқан туысымның халін білуге барғанымда, бір жас жігіттің ақтық дем шығаруының куәгері болдым. Өлім аузында жатқан жігітке жақындап, шәһадат айтуын өтіндім «Әшһаду ән ля иляхя иляллаһ уә ашхаду анна Мухаммадан расулАллаһ". Алайда халінің тым ауыр болғаны сондай, жігіттің шәһадат айтуға шамасы келмеді. Сәт сайын оның халі нашарлай берді. Жігіттің сөйлемек тұрмақ, тыныс алуға шамасы келмей жатқанын көрсем де оның шәһадат айтуын өтініп: «Алла Тағала саған Өз Рахымын жаудырып, Жұмақты нәсіп еткенін қаласаң – шәһадат айта ғой», - деп жалбарындым.

Осы сөзімді қайта-қайта айта  бердім. Алланың қалауымен, айтқаныма жеттім. Жігіт еш мүлтікпестен: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед Оның Елшісі», - деп айтты да бақилық болып жүре берді. Көзімнен аққан қуаныш жасымды сүртіп мен қалдым. Халінің ауыр екендігіне қарамастан шәһаданы қалай ғана жеңіл айтқанына таңғалысым да жоқ емес еді. Сол кезде палатаға марқұмның анасы кірді. Ұлының көз жұмғанын естіп, есіл ана жылап қоя берді. Менің де жылап тұрғанымды көріп, жылауымның себебін сұрады. Ұлының Жұмаққа кіретінін айтып, ол үшін қуанып жылап тұрғанымды айттым.

Анасы: «Оның Жұмаққа кіретінін қайдан білдің?» - деп сұрағанда мен: «Ұлыңыздың өлер алдындағы ақтық сөзі шәһадат болды», - дедім. «Менің ұлым тумысынан мылқау болатын», - дегенді естіген менің таңданысымда шек болмады. Алланың қалауымен, өмірінде алғашқы әрі соңғы сөзі шәһадат болған марқұм жігіттің ақ әрі иманды өлімге қол жеткізгенінің куәгері болуым осылай болған еді...

 

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: