Мүмін мен шаштараз

Мүмін мен шаштараз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің күнінде бір мүмін шашын алдырту үшін шаштаразға келіпті. Мүмін мен шаштараздың арасында төменгідей әңгіме өрбиді:                                                      

Мүмін шаштараздан: «Аллаға сенесің бе?» - деп сұрапты. Шаштараз Аллаға сенбейтіндігін әрі егер Алла бар болса Жер бетінде болып жатқан қаншама соғыс, қырғынға жол бермейтіндігін тіліне тиек етеді. Шашын алдыртып болып, мүмін үндемей шығып кете барады. Шыға сала өзі ұқыпсыз киінген әрі сақал-шашының  өсіп кеткендігі сондай, жүзі көрінбей қалған бір жанды кездестіреді. Мүмін қайтадан шаштаразға келіп: «Білесің бе, бұл өмірде шаштараздар жоқ», - дейді. «Жоғы несі, мен кіммін сонда?» - деп жауап береді шаштараз. Алған бетінен қайтпаған мүмін: «Онда неге Жер бетінде сақал-шашы өсіп кеткен жандар көп?» - деп сұрайды. «Енді олар маған келмесе, мен олардың сақал-шашын қалай алады екенмін!!!???" – деп ақтала жөнеледі шаштараз. Сонда мүмін: «Ал адамдар Алланы естеріне алып, Оған құлшылық етпесе, Алла Тағала оларға көмектесуді қалар ма екен!!!!????" – деп жауап берген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: