Ислам. Иман. Ихсан. Қиямет күні

Ислам. Иман. Ихсан. Қиямет күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Омар ибн Хаттабтан (р.а.) жеткізілген:

«Бірде Пайғамбарымызбен (ﷺ) бірге отырғанымызда үстінде аппақ киімі бар, шашы қарғаның қанатындай қап-қара бір жолаушы кіріп келді. Ол Пайғамбарымыздың (ﷺ) алдына келіп жайғасқанда екеуінің тізелері түйісіп тұр еді. Әлгі адам қолдарын тізесіне қойып: «Уа, Мұхаммед, маған Ислам жөнінде айтып берші», - деді. Алла Елшісі (ﷺ): «Исламның мәнісіАлладан басқа құдайдың жоқтығына және Мұхаммед Оның Елшісі екендігіне куәлік беруде, намаз оқуда, зекет төлеуде, Рамазан айында ораза ұстауда және жағдайың болса қажыға баруда», - деп жауап берді. Ал әлгі адам болса: «Сен шындықты айттың», - деді, ал біз болсақ бұл адамның Пайғамбарымызға (ﷺ) сұрақтар ғана қойғанына емес, сонымен қатар, оның (ﷺ) айтқан сөздерінің шындығын растап отырғанына да таңғалдық. Содан кейін ол: «Ал енді маған Иман жөнінде айтып берші», - деді. Алла Елшісі (ﷺ): «Иманның мәнісіАллаға, Оның періштелеріне, Оның Кітаптарына, Оның елшілеріне және Қиямет күніне, сондай-ақ, жақсы мен жаманның Алладан екендігіне иман келтіруде», — деп жауап берді. Әлгі дам тағы да: «Сен шындықты айттың», - деді. Сәлден кейін ол: «Енді маған Ихсан жөнінде айтып берші», - деді. Алла Елшісі (ﷺ): «Ихсанның мәнісі – Алланы көріп тұрғандай  құлшылық жасау, сен Оны көрмесең де, ақиқатында, Ол сені көріп тұрғанын есіңнен шығармай құлшылық етуде», - деп жауап берді.                                             

- Енді маған Қиямет күні туралы айтып берші.                                                                         

– Бұл жөнінде сұралушы сұраушыдан артық білмейді.                                                               

– Онда маған оның белгілерін айтып берші.                                                                            

  -  Күң өзінің қожайынын туады, жалаң аяқ, жалаңаш қой бағушылар зәулім үй салуда бір-бірінен асып түсуге тырысатын болады.                                                                             

Осыдан кейін әлгі адам орнынан тұрып, кетіп қалды. Біраз уақыт өткен соң Алла Елшісі (ﷺ): «Әй, Омар, сұрақтарды қоюшының кім екені саған белгілі ме?» - деп сұрады. Мен: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деп жауап берді: «Асылында, бұл сендерге дін үйретуге келген Жәбірейіл (ғ.с.) еді».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: