Бірде Құрайыш мүшріктерінің бірі хазірет Әлиге (р.а.) келіп: «Мен қылыштасу өнерін сенен жақсы меңгергенмін, саған қарағанда шешендігім де бар, жазу-сызу жағынан да жаман емеспін, пәлен істі сенен жақсы істеймін, түген жерде сенен артықпын», – деп қоймай қояды.
Хазірет Әли (р.а.) оған бір-ақ ауыз сөзбен: «Бірақ сен пасықсың!» - деп жауап береді. Алла Тағала осы екеудің оқиғасынан кейін мына аятты уахи етті: «Кез келген мүмін бұрыс жолдағы біреуге ұқсар ма? Олар бірдей бола алмайды».
asyldin.kz