Пайғамбар үйреткен намаз

Пайғамбар үйреткен намаз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты сахабалардың бірі Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алланың Елшісі (ﷺ) мешітке келді де бір шетіне отырды. Біз де оның жан-жағында қатарлас отырған болатынбыз. Сол уақытта сырттан бір адам келіп намаз оқи бастады. Әлгі адам өзінің құлшылығына соншалықты көңіл бөлмеді. Алайда Алланың Елшісі (ﷺ) ол адамды көзімен сырттай бақылап отырған. Намазын оқып болды-ау деген уақытта Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқыған адамның жанына барып, алдымен сәлем берді. Сосын оған: «Намазыңды басынан бастап қайта оқы. Өйткені, сен шынайы намаз оқыған жоқсың», - деді. Әлгі адам қайтадан алдыңғыдай намазын оқып шықты. Сосын Пайғамбарымыздың (ﷺ) алдына барып сәлем берді. Сәлемін алған хазіреті Пайғамбар (ﷺ) тағы да: «Барып, намазыңды қайтадан бастап оқы, өйткені, сен намаз оқыған болып есептелмедің», - деді. Бұл жағдай үш рет қайталанды. Ақырында ол адам: «Сені ақиқатты айту үшін жіберген Аллаға ант етейін, бұдан басқасын жасай алмаймын. Маған ең дұрысын үйрет», - деді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған мыналарды айтты: «Алдымен намазға тұрған кезде тәкбір ал. Сосын Құраннан жеңілдеу келген аятты оқы. Онан кейін рукуғқа бар. Дене мүшелерің толығымен қимылсыз қалғанға дейін тұр. Сосын қайтадан жақсылап тік тұр. Артынша сәждеге бар. Бүкіл дене мүшелерің қимылсыз қалғанша сәжде қыл. Сосын басыңды көтеріп, бүкіл денең қимылсыз қалғанға дейін отыр. Намаздың барлық рәкағаттарында осылай жаса!» 

Asyldin. kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: