Зәкәрияның (ғ.с.) сабыры

Зәкәрияның (ғ.с.) сабыры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарларға жаулық көрсетуші, оларға қарсы кезеген кездігін төмен түсірмейтін қаскөйлер қай қоғамда да болған. Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) бірде өзін өлтірмекші болған осындай бір топ яһудилерден қашып келе жатады. Қуғыншылардың тықыры таяғанда пайғамбарымыз (ﷺ) сасқанынан алдынан кезіге кеткен бір ағашқа: «Әй, ағаш, құтқар, мені жасыр?!» – дейді. Сол жерде ағаш қақ жарылып, Зәкәрия (ғ.с.) оның ішіне кіріп жасырынады. Ізімен қуып келе жатқан яһудилер көз алдарында ағаштың жарылып, қайта жабылып қалғанын көреді. Зәкәрияны (ғ.с.) өлтіру үшін шайтан оларға әлгі ағашты арамен екіге бөліп тастау керектігін айтады. Яһудилер бұл азғыруға еріп, ара әкеліп жуан діңді кесе бастайды. Араның жүзі денесіне жетіп, қаната бастағанда, Зәкәрияның (ғ.с.) қиналғаннан жан даусы шығады. Сол кезде Жаратушыдан «Әй, Зәкәрия! Неге сабыр етпейсің?! Егер тағы үнің шықса, сені пайғамбарлар тізімінен шығарып тастаймын» деген уахи түседі. Мұны естігенді Зәкәрия (ғ.с.) бар күшін жинап, шыдап тұрады. Дұшпандары оны осылай аралай берді. Асыл пайғамбар Жаратушының бұйрығына мойынсұнып, сұмдық азапты ажалмен аралап өлтіріледі. Ал, адамдар оның өлімінен Жаратушының құдіретін таниды. Оның мұндай өлімге бұйырылу себебі – қаскөйлерден бас сауғалап, жаны қысылғанда Зәкәрия пайғамбардың (ғ.с.) Алладан емес, алдынан шыққан әлгі ағаштан көмек сұрағаны себеп болған деседі.      

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: