Германия еліне жасайтын ресми сапарында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кельн қаласындағы Орталық мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.
Zeit-Online газетінің мәлімдеуінше, бұл ақпаратты түрік үкіметі ресми түрде растаған.
Кельн қаласындағы Эренфельд ауданында орналасқан Орталық мешіт бірнеше ай бойы есігін айқара ашып, халық игілігіне берілген болса да бұл мешіттің ресми түрде ашылу салтанаты әлі өтпеген.
Айта кету керек, қыркүйектің 28-29 жұлдызында Германияға мемлекеттік іс-сапармен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келеді деп күтілуде. Ал Орталық мешіттің ресми ашылу салтанаты қыркүйектің 29-на белгіленген.
asyldin.kz