ЮНИСЕФ әлем бойынша бала өлімінің жан түршігерлік статистикасын келтірді:
аталмыш қордың баяндамасында 2017 жылы дүниежүзінде 6 млн 300 мың баланың өлгені және олардың өлімін болдырмауға болушы еді деп келтірілген.
Құжатқа сәйкес, қайтыс болған балалардың басым көпшілігі – 5 млн 400 мыңы – бес жасқа дейінгі балалар, олардың жартысы туа салып көз жұмған сәбилер.
Сарапшылардың айтуынша, барлық жағдайда да, ең алдымен, нашар дамыған Африка елдеріне қарапайым, бірақ әр адамның өміріне қажетті жағдайларды, атап айтқанда, таза ауыз су, дәрі-дәрмек, вакциналау, электр қуатымен қамтамасыз ету арқылы балалардың мұндай сұрқайы өлімінен қашып құтылуға болушы еді.
«Егер біз нақты бір шаралар қолданбасақ, 2030 жылға таман бес жасқа дейінгі 56 млн бала көз жұмады», - деп келтірілген баяндамада.
asyldin.kz