БҰҰ Ауғанстан тұрғындары үшін дағдарыс call-орталығын ашты

БҰҰ Ауғанстан тұрғындары үшін дағдарыс call-орталығын ашты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БҰҰ Кабул қаласында Ауғанстан тұрғындары шұғыл жағдайлар орын алғанда жүгіне алатын дағдарыс call-орталығын ашты.

Бұл орталыққа жауынгерлік әрекеттермен, дүлей апатпен, үйдегі зорлық-зомбылықпен немесе басқа да қиыншылықтармен бетпе-бет келген кез-келген жан хабарласа алады.

Tolo News телеарнасының мәлімдеуінше, аталмыш орталыққа Ауғанстанның кез-келген жерінен 410 номерін теру арқылы тегін қоңырау шалуға болады.

Келіп түскен қоңырауларға бірнеше тілді меңгерген, төртеуі қыз-келіншек болып табылатын операторлар жауап беретін болады.

Шалынған әрбір қоңырау тіркеліп, тиісінше ведомствоға жіберіліп отыратын болады, ал оның орындалуын БҰҰ өкілдері қадағалайды.

Айта кету керек, бұл БҰҰ әлем бойынша екінші жобасы. Мұндай бірінші call-орталық 2014 жылы Иракта ашылған болатын.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: