Үндістан тұрғындарын «үш талақ» айтқаны үшін түрмеге отырғызатын болады

Үндістан тұрғындарын «үш талақ» айтқаны үшін түрмеге отырғызатын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістан мұсылман келіншектері лезде болатын ажырасуға тыйым салғызуға қол жеткізді.

Үндістан билігі қылмысты іс болып табылатын «үш талақ» түрінде танымал болған лезде болатын ажырасуға тыйым салу жарлығын мақұлдады.

Елдің әділет министрі Шанкар Прасадқа сілтеме жасай отырып Times of India баспасы мәлімдегендей, бірнеше ай бойы лезде ажырасуға тыйым салынғанына қарамастан, Үндістан тұрғындары іс жүзінде оны қолдануын жалғастырып келген.  

Үндістанда «үш талақ» өткен жылдың тамыз айында заңсыз болып табылған – Жоғарғы сот оны азаматтар теңдігінің кепілі болып табылатын исламның негізгі қағидалары мен елдің Конституциясына қарама-қайшы келеді деп таныған.

«Бұл қаулы гендерлік теңдікті орнату мақсатында елдің мүддесі үшін қабылданған. «Үш  талақ» тағы әрі адамгершіліксіз болып табылады», - деп атап өткен Прасад.

Естеріңізге сала кетсек, әйелдердің құқығына шек қоятын «үш талаққа» мұсылман елдерінің басым көпшілігінде ресми түрде тыйым салынған.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: