Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Бельгия мемлекетіне қарсы қуыным берген мұсылман келіншекті жақтады.
Аты-жөні айтылмаған келіншекке бауырының өлімі жөніндегі іс қарастырылып жатқан сот залына мұсылман орамалымен кіруге тыйым салынғандығы – оның АҚЕС жүгінуінің басты себебі болған.
Бұл тыйымды мұсылман келіншек оның діни сенім бостандығына қол сұғушылық деп атаған. Өз кезегінде, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот келіншектің ұстанымын қолдап, бельгиялық сот адам құқығын қорғап, оның ой, ар-ұждан және дін еркіндігіне кепілдік беретін Еуропалық конвенцияның тоғызыншы бабын бұзды деп қаулы шығарған.
АҚЕС Бельгия мемлекетін мұсылман келіншекке 1 мың еуро көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.
asyldin.kz