Ата-аналары діни негізде тәрбиелеген балалар есейген шақтарында дін ұстанбайтын отбасындағы балаларға қарағанда анағұрлым бақыттырақ болып келеді.
Т.Х.Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің бір топ американдық ғалымдары осындай шешімге келген, олардың бұл жөніндегі мақаласы American Journal of Epidemiology журналында жарық көрген.
Демек, діни тәжірибе адам өмірінің әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне елеулі ықпал ететін көрінеді.
Діндарлықтың өмір сапасына қалай әсер ететінін анықтау үшін 1999 жылы сарапшылар орта жасы 14-ті құрайтын 16 882 балаға сауал жүргізген екен.
Балалар өз нәсілдері, білімдері, отбасылық кірісі, анасының денсаулығы, дін ұстануы және отбасы мен маңайындағылардың діндарлық деңгейі, сондай-ақ, діни құлшылық пен намаз оқуға қаншалықты жиі баратындықтары туралы айтып берген.
Содан кейін сауалнамаға қатысушылармен 2007, 2010 және 2013 жылдары хабарласып, олардың ділдік және тән денсаулығы туралы ақпарат берулерін сұраған. Сауалнамаға жауап берушілер жиі торығып әрі қынжылатындықтарын, венералогиялық ауруларының бар екендігін, темекі тартатындықтарын, алкоголь мен есірткі қолданатындықтарын, сондай-ақ, өмірлеріне көңілдері толмайтындығын баяндап берген.
Нәтижесінде, діни отбасында өсіп-тәрбиеленген адамдар дін ұстанбайтын отбасындағыларға қарағанда, орта есеппен алғанда 18%, бақыттырақ болып келеді екен. Сонымен қатар, дін аясында тәрбиеленгендер темекі тартпайтын, есірткі қолданбайтын және жыныс жолдарымен жұғатын жұқпалы ауруларға ұшырамайтын болып шыққан.
asyldin.kz