Ирактың 27 мың тұрғыны ауыз судан уланды

Ирактың 27 мың тұрғыны ауыз судан уланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ирактың оңтүстігіндегі Басра аймағында 27 мыңнан астам адам ауыз судан уланған. Бұл жөнінде Ирак парламенті басшысының бірінші орынбасары Хасан әл-Каабидің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Al-Sumaria телеарнасы мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетсек, Басра мен оған көршілес жатқан бірнеше шеткі аймақтарда жұмыссыздыққа қарсы және коммуналдық сала ахуалының нашарлауына байланысты жаппай наразылықтар жалғасуда.

Сондай-ақ, шерушілер үкіметтен электр қуаты мен сумен жабдықтауда іркілістердің болуын тоқтатуды талап етуде. Ирактың оңтүстік аймақтарындағы  50 градустық ыстық бұл жағдайдың айтарлықтай ушығуына әкеліп соғуда.

Толассыз жүріп жатқан наразылықтарға Ирак үкіметі Басра тұрғындарына ауыз су құбырлары мен электр жүйелерін  қайтадан қалпына келтіруге 2 миллиард динар (шамамен алғанда 17 миллион доллар) бөлуге уәде еткен.

Қалыптасқан жағдай аясында Кувейт Иракқа төрт тұщытқыш қондырғы берген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: