Қатты қуаңшылыққа ұшыраған фермерлерге Аустралия мұсылмандары көмек қолын созды

Қатты қуаңшылыққа ұшыраған фермерлерге Аустралия мұсылмандары көмек қолын созды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аустралия мұсылмандары қатты қуаңшылық салдарынан ірі қара малдарға беретін шөптің жетіспеушілігіне ұшыраған елдің фермерлеріне көмек қолдарын созды.

News.com.au ресурсы баяндағандай, бірнеше аустриялық мұсылман ұйымдары күш-жігерлерін біріктіріп, батыс Квинсленд мал өсірушілеріне 33 тонна шөп түсіріп берген.

Басқа түскен қиын кезеңде бұл аса елеулі қолдау болып табылады. Мұсылман көшбасшыларының мәлімдеуінше, Квинсленд фермерлері үшін қажет қаражатты Аустралияның түкпір-түкпірінде тұратын мұсылман бауырлар жинаған екен.

«Біз үш жүк көлігіне тиелген шөп алып келдік. Әрине, бұл көп емес, бірақ фермерлер өзара бұл шөпті адал түрде бөліп алып, бірнеше күн болсын өз малдарын қоректендіреді деп үміттенеміз», - деп атап өткен бір мұсылман қайырымдылық ұйымдарының өкілі Юсуф Хатри.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: