Сауд Арабия үкіметі корольдікке кіші қажылық – Умраны – өтеу үшін келетін қажыларға тек Мекке мен Медине қалаларында болып қана қоймай, сонымен қатар, елдің басқа да қалаларына баруына рұқсат берді. Бұл жөнінде Қажылық министрлігінің өкілі Абдель Азиз Уазан мәлімдеді.
Өілдің айтуынша, осы жылы Умраны өтеу бағдарламасына айтарлықтай өзгертулер енгізілген, сол өзгертулерге сәйкес енді шет елден келген қажылар кіші қажылықты өтеу үшін берілген виза бойынша 30 күн ішінде кез-келген қаланы немесе туристік орындарды аралай алады.
«Алайда 15 күн олар Меккеде болулары тиіс», - деп атап өтті шенеунік.
Уазанның мәлімдеуінше, өткен аптада Умраны өтеу үшін корольдікке мыңнан астам шетел қажылары келіп жеткен екен. Ал өткен жылы кіші қажылықты 7 миллиондай адам өтеген болатын.
asyldin.kz