Рамазанда мұсылмандар имамға өзгеше ант берді

Рамазанда мұсылмандар имамға өзгеше ант берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Африка құрлығында Кот-д’Ивуар деп аталатын шағын ел бар. Сол елдің мұсылмандары имамға қасиетті Рамазан айында әлеуметтік желіге кірмейтіндерін айтып, ант берген екен. Әлемнің өзге елдеріндегі секілді бұл елде де Facebook, Instagram, Snapchat және Twitter әлеуметтік желілері кеңінен пайдаланылады.

Бір әттеген-айы, жастардың дені әлеуметтік желіде көп уақытын жоғалтып, намаз уақытын жіберіп алады екен. Осыған байланысты аталған елдің мұсылман жетекшілері арнайы үндау тастап, қасиетті айда әлеуметтік желіден бас тартуға шақырған. Имамдардың үндеуіне құлақ асқандардың қарасы көп болған. Бұл жайында The Muslim News ақпарат көзі хабар таратты.

Мәселен, Фату Диалло (суретте - ред.) есімді Кот-д’Ивуардың 30 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіден шықпайтынын жасырмады, алайда, қасиетті айда оған кірмеуге уәде берді. Ал Әбу Силла есімді 32 жастағы екі баланың әкесі әлеуметтік желіге кірмегелі өзінің көптеген басы артық, тіпті, кейде орынсыз уайымнан арылғанын жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазіргі уақытта Кот-д’Ивуар халқының 43%-ын мұсылмандар құрап отыр. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: