Сауд Арабиясы билігі Йемен азаматтарына кіші қажылық – Умраны өтеуге қайтадан рұқсат берді. Бұл жөнінде Йемен қор істері жөніндегі министрі Ахмед Атия мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетсек, Йемен азаматтарының қажылық парыздарын өтеуіне Сауд Арабиясы үкіметі 2015 жылы Йеменде қарулы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты тыйым салған болатын.
Исламның қасиетті орындарына йемендіктердің қайтадан келуі туралы шешімді Сауд Арабиясы королі Салман Абдел-Азиз Әл-Саудтың өзі қабылдағандығын айта кету керек.
asyldin.kz