Жарқын келешекте Түркияда жарты ай пішіндес айырықша мешіт пайда болмақ. Қазіргі таңда Орталық Анатолия аймағындағы Сивас қаласында аталмыш ерекше мұсылман ғибадатханасының қабырғасы қалануда.
NewsTurk ресурсының мәлімдеуінше, «Ayyıldız Cami» деп аталатын мешіттің 80% қаланып болған. Діни кешене түрік елінің туындағы жарты ай мен жұлдызды еске түсіретін болады.
2018 жылдың соңына қарай аталмыш мешіт өз есігін айқара ашып, халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Салынып жатқан жарты ай пішіндес Алланың жердегі үйінде бір мезгілде сегіз мыңға жуық мұсылман намаз оқи алатын болады.
asyldin.kz