АҚШ-та «Ең ықпалды 25 мұсылманның» тізімі жарияланды

АҚШ-та «Ең ықпалды 25 мұсылманның» тізімі жарияланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Америкалық CNN компаниясының сайтында «25 ең ықпалды Америка мұсылмандарының» тізімі жарияланды.

«Исламосфера» ресурсының мәлімдеуінше, бұл тізім штаттарда тұратын ислам дінін ұстанушы мұсылмандардың арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жасалған екен.

Аталмыш рейтингте 12 қыз-келіншек пен 13 ер адам бар әрі рейтинг төрінде 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және әлем чемпионы, танымал семсерлесуші Ибтихадж Мұхаммед тұр.

Екінші орынды Коннектикут штатындағы Хартфорд Семинариясы Ислам капеллан бағдарламасының басшыларының бірі Ферьял Салем иеленген.

 Үшінші орын 2006 жылы Конгресске сайланған тұңғыш мұсылман, Республика партиясының саясаткері Кит Эллисонның еншісіне тиген.

Сондай-ақ, алғашқы ондыққа «Женский марш» одағының тең құрылтайшысы белсенді Линда Сарсур, конгрессмен Андре Карсон, «Мұсылман қорғаушылары» ұлттық заңгерлік тобының ортақ құрылтайшысы Фархана Кхера, аты әлемге әйгілі болған боксшы Мұхаммед Әлидің жаназа намазын шығарған имам Заид Шакир және өзге де АҚШ-та тұратын белсенді мұсылмандар кірген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: